Құрметті әріптестер!

Қазақстанның ұлттық дәрілік формуляры (бұдан әрі-ҚҰФ) - дәрігерлер, фармацевтер, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылары, медбикелер, медициналық оқу орындарының тыңдаушылары және басқа да медицина қызметкерлері үшін дәрілік заттарды таңдау және қолдану жөніндегі сенімді ақпарат көзі болып табылады.
ҚҰФ-ты қалыптастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен регламенттеледі.
2023 жылғы 31 наурызда ҚР ДСМ ФК отырысында ҚҰФ-тың жобасы мақұлданып, «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы №103 бұйрығымен бекітілді.
Бекітілген ҚҰФ мыналарды қамтиды:
✅2022-2023 жылдардағы «ҰҒДСДО» РМК кәсіби сараптамасының нәтижелері негізінде №ҚР ДСМ - 326/2020 Бұйрығының 9-тармағына сәйкес жаңа 15 ХПА 25 СА-мен позициясы және жаңа 20 СА позициясы, 4 жаңа дәрілік формалар енгізілді;
✅№ ҚР ДСМ-326/2020 Бұйрығының 13-тармағына сәйкес 381 СА жаңа позициялары енгізілді.
Сонымен қатар, дәрілік заттардың 384 СА позициясы №ҚР ДСМ-326/2020 бұйрығының 11-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында үш жылдан асатын кезең ішінде тіркеу мерзімінің өтуіне байланысты ҚҰФ-тан алынып тасталды.
Сондай-ақ, ҚР ДСМ-326/2020 бұйрығының 11-тармағының 1-тармақшасына сәйкес дәрілік заттың тиімділігінің жеткіліксіздігі туралы ғылыми негізделген ұсынымдардың пайда болуы себебінен 3 СА позициясы ҚҰФ-тан алынып тасталды.
Сіз жаңа дәрі-дәрмектер туралы толық ақпараттармен www.knf.kz сайтынан таныса аласыздар.

2023-11-30
Дереккөз: