
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 24 шілдедегі Формулярлық комиссиясының құрамы
№ 478 от 24.07.2024
Астана қаласы город Астана
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссияcының құрамын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 215 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы туралы Ереженің 2, 6, 7, 8, 12-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының мүшелігіне кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыс тобының 2024 жылғы 11 шілдедегі хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті осы бұйрық бекітілген күннен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында күнтізбелік бір күн ішінде орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Әлназарова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы _____ _________
№ ____ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамы
Ержан Шәкірұлы Нұрлыбаев | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Формулярлық комиссияның төрағасы |
Жандос Қойшыбайұлы Әділхан | - | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры |
| | |
Гүлнәр Еділқызы Сарсенбаева | - | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары |
Гүлдей Төреханқызы Бегалиева | - | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің дәрілік заттармен қамтасыз ету басқармасының басшысы |
Айгүл Тұрлығұлқызы Баянбердиева | - | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің медициналық бұйымдармен қамтасыз ету басқармасының басшысы |
Күляим Жаксылыққызы Біржанова | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің мектепке дейінгі және мектеп медицинасы басқармасының басшысы |
Анжела Айдарбекқызы Бексұлтанова | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмек басқармасының басшысы |
Лариса Геннадиевна Макалкина | - | «Астана медицина университеті» КеАҚ клиникалық фармакология кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс клиникалық фармакологы |
Ғазиза Ажмагиевна Смағұлова | - | «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КеАҚ фармакология, клиникалық фармакология кафедрасының басшысы |
Эльвира Келгембайқызы Ожмухаметова | - | Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «№ 2 қалалық көпбейінді аурухана» ШЖҚ РМК-ның, госпитальды фармация бөлімінің меңгерушісі |
Нұргүл Алдиярова Тілеубайқызы | - | «Клиникалық фармакологтар және фармацевтердің кәсіби қауымдастығы» ЖШС-ның вице-президенті |
Гүлбану Базарбайқызы Байшагирова | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-ның дәрілік саясатты жетілдіру департаменті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың Формулярлы жүйесін дамыту және кәсіптік сараптама басқармасының жетекші маманы, хатшы* |
* комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2024 жылғы _____ _________
№ ____ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтардың тізімі
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 05 мамырдағы № 263 бұйрығы;
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 263 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 08 қарашадағы бұйрығы;
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 305 бұйрығының 1-тармағы.
Согласовано
23.07.2024 16:27 Касымжанова Тота Базарбековна
23.07.2024 16:49 Бегалиева Гульдей Турехановна
23.07.2024 17:45 Әділхан Жандос Қойшыбайұлы
23.07.2024 17:59 Темирханов Серикболсын Темирханович
24.07.2024 17:35 Хусаинова Іңкәр Теміржанқызы
24.07.2024 18:37 Бакирова Назгуль Сериковна
24.07.2024 18:43 Нурлыбаев Ержан Шакирович
Подписано
24.07.2024 21:35 Альназарова Акмарал Шарипбаевна