A10AE06 Деглудек инсулині (Insulin degludec)

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Пациентті инсулиннің басқа типіне немесе басқа сауда маркасына немесе басқа өндірушіге ауыстыру қатаң медициналық бақылаумен жүргізілуі тиіс. Инсулин дозасы пациенттің инсулинге қажеттілігінен тым жоғары болса, ас ішу уақытын өткізіп алғанда немесе жоспарланбаған қарқынды дене жүктемесінде пациентте гипогликемия дамуы мүмкін. Препараттың жеткіліксіз дозасы немесе емдеуді тоқтату гипергликемияның немесе диабеттік кетоацидоздың дамуына әкелуі мүмкін.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Пероральді гипогликемиялық препараттар, глюкагон тәрізді пептид-1 (ГТП-1) рецепторларының агонистері, MAO тежегіштері, таңдамалы емес бета-адреноблокаторлар, ААФ тежегіштері, салицилаттар, анаболикалық стероидтар және сульфонамидтер- инсулинге қажеттілікті азайтуы мүмкін;Пероральді гормональді контрацептивтік дәрілер, тиазидті диуретиктер, глюкокортикостероидтар, тиреоидты гормондар, симпатомиметиктер, өсу гормоны және даназол- инсулинге қажеттілікті арттыруы мүмкін; Бета-адреноблокаторлар гипогликемия симптомдарын жасыруы мүмкін.Октреотид/ланреотид ағзаның инсулинге қажеттілігін арттырады/ төмендетеді.Этанол инсулиннің гипогликемиялық әсерін күшейтуі/ азайтуы мүмкін;Кейбір дәрілік заттар препаратқа қосылғанда инсулин деглудек ыдырауын туындатуы мүмкін.Инсулин деглудекті инфузиялық ерітінділерге қосуға болмайды.Бұл препаратты басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылау және инсулин дозасын жекелей түзету керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Қандағы глюкоза концентрациясын мұқият бақылау және инсулин дозасын жекелей түзету керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қант диабеті бар жүкті әйелдерді бүкіл жүктілік мерзімі бойына, сондай-ақ жүктілікті жоспарлағанда мұқият қадағалау қажет.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Инсулин деглудектің ана сүтімен бөлініп шығуы белгісіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гипогликемия;Жиі: иммундық жүйе тарапынан бұзылыстар; асқын сезімталдық, ерекжем; зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылыстар: тері мен тері асты тіндері тарапынан бұзылыстар: липодистрофия.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

1 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді