J05AR03 Тенофовир дизопроксилі және Эмтрицитабин¹ (Tenofovir disoproxil and Emtricitabine)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектердегі АИВ-1 инфекциясының басқа антиретровирусты препараттармен біріктірілген емі.
-
Клинические протоколы:
- ВИЧ-инфекция у взрослых
- Сексуальное насилие
- Сочетанная ВИЧ/ТБ инфекция
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Антиретровирустық терапия алатын пациенттерде оппортунистік инфекциялардың және АИВ инфекциясының басқа да асқынуларының дамуы мүмкін, сондықтан олар АИВ-мен байланысты ауруларға шалдыққан пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар, дәрігерлердің жіті клиникалық қадағалауында болуы тиіс.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Цитидин (мысалы: ламивудин/абакавир, ламивудин/диданозин) аналогтары– вирусологиялық сәтсіз емнің жиілігінің жоғарылауы және ерте сатысында тұрақтылықтың пайда болуы. Бүйрек қызметін төмендететін немесе белсенді өзекшелік сөлініс үшін бәсекелесетін дәрілік заттар (мысалы, аминогликозидтермен, амфотерицин B, фоскарнетпен, ганцикловирмен, пентамидинмен, ванкомицинмен, цидофовирмен және интерлейкин - 2) – қан сарысуында эмтрицитабин, тенофовир концентрациясының жоғарылауы. Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Бүйрек жеткіліксіздігі
Креатинин клиренсі 50-80 мл/мин тең болғанда: 1 таблеткадан тәулігіне 1 рет. Креатинин клиренсі 30-49 мл/мин: әр 48 сағат сайын бір таблеткадан ұсынылады. Креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен болғанда – қарсы көрсетілген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуына рұқсат етіледі.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Жиі: нейтропения, аллергиялық реакция, астения, гипофосфатемия, гипергликемия, гипертриглицеридемия, ұйқысыздық, қалыптан ауытқыған түстер көру, бас ауыруы, бас айналуы.Жиі емес: анемия, гипокалиемия, панкреатит, рабдомиолиз, бұлшықет әлсіздігі, креатинин деңгейінің жоғарылауы, протеинурия.Сирек: лактат-ацидоз, бауырдың майлы дистрофиясы, гепатит, остеомаляция, миопатия, бүйрек жеткіліксіздігі (жедел және созылмалы), жедел тубулярлы некроз, проксимальді бүйрек тубулопатиясы (соның ішінде Фанкони синдромы), нефрит (соның ішінде жедел интерстициальді нефрит), нефрогенді қантсыз диабет.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді