A10AD01 Рекомбинантты адам инсулині¹ (Insulin (human))

Қолдану көрсеткіштері

Глюкоза гомеостазасын демеу үшін инсулинмен ем көрсетілген қант диабеті бар науқастарды емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Сахарный диабет 1 типа
  2. Сахарный диабет 1 типа у детей и подростков
  3. Сахарный диабет 2 типа
  4. Сахарный диабет 2 типа у детей и подростков
  5. Сахарный диабет при беременности, в родах и послеродовом периоде

Қарсы көрсеткіштері

Гипогликемия; инсулинге немесе препараттың қосымша компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Пациентті инсулиннің басқа типіне немесе саудалық атауы басқа препаратына ауыстыру қатаң медициналық қадағалаумен жүргізілуі тиіс. Түзетілмеген гипогликемия немесе гипергликемиялық реакциялар естен тануға, комаға немесе өлімге әкелуі мүмкін. Талапқа сай емес дозаларды пайдалану немесе емдеуді тоқтату, әсіресе, инсулинге тәуелді диабеті бар пациенттерде өлімге алып келетін жағдайлар болып табылатын, гипергликемия немесе диабеттік кетоацидоздың дамуына алып келуі мүмкін. Адам инсулинін пиоглитазонмен біріктіріп пайдаланған жағдайда, пациенттерді жүрек жеткіліксіздігінің белгілері мен симптомдарының, дене салмағының жоғарылауына және ісінулердің бар-жоқтығына қадағалау керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Глюкокортикоидтар, қалқанша без гормондары препараттары, өсу гормоны, даназол, бета2-симпатомиметиктер (ритодрин, сальбутамол, тербуталин сияқты), тиазидті диуретиктер - инсулинге қажеттіліктің артуы.Пероральді гипогликемиялық препараттар, салицилаттар, кейбір антидепрессанттар (МАО тежегіштері), кейбір ААФ тежегіштері (каптоприл, эналаприл), ангиотензин II рецепторларының блокаторлары, таңдамалы емес бета-адреноблокаторлар, этанол және этанолдан тұратын препараттар - инсулинге қажеттіліктің төмендеуі.Соматостатин аналогтары (октреотид, ланреотид) - инсулинге қажеттіліктің төмендеуі/күшеюі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қандағы глюкоза концентрациясын бақылау және инсулин дозасын жекелей түзету қажет.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қандағы глюкоза концентрациясын бақылау және инсулин дозасын жекелей түзету қажет.

Жүктілік

Қандағы глюкоза деңгейіне бақылау жүргізу қажет.

Емізу

Инсулин дозасын және/немесе тамақтану режимін түзету қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: гипогликемия; инсулин енгізген жердегі жергілікті аллергиялық реакция (қызару, ісіну мен қышыну).Сирек: липодистрофия.Өте сирек: инсулинге таралған аллергиялық реакция  (бүкіл дене беткейінде бөртудің пайда болуы, тыныс алудың қиындауы, ысқырықты тыныс алу, артериялық қысымның төмендеуі, тамыр соғысының жиілеуі немесе тершеңдік).

Балаларда қолданылуы

Қолдануға рұқсат етілген, дозаны гликемия деңгейіне байланысты дәрігермен жекелей анықталады.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.