A10AB01 Адам инсулині¹ (Insulin human)

Қолдану көрсеткіштері

Қант диабетін емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Эхинококкоз у детей (эхинококкоз печени/легких у детей)
  2. Диабетическая нефропатия
  3. Сахарный диабет 1 типа
  4. Сахарный диабет 1 типа у детей и подростков
  5. Сахарный диабет 2 типа
  6. Сахарный диабет 2 типа у детей и подростков
  7. Сахарный диабет при беременности, в родах и послеродовом периоде
  8. Острый тубулоинтерстициальный нефрит
  9. Криз отторжения почечного трансплантата
  10. Острая почечная недостаточность (острое почечное повреждение)
  11. Острая почечная недостаточность у детей
  12. Хроническая трансплантационная нефропатия
  13. Болезнь Гиршпрунга у детей
  14. Диафрагмальная грыжа у детей
  15. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
  16. Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
  17. Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
  18. Рак мочевого пузыря
  19. Гепатоцеллюлярная карцинома
  20. Рак шейки матки
  21. Церебральный венозный тромбоз

Қарсы көрсеткіштері

Гипогликемия; инсулинге немесе препараттың қандай да бір қосымша компонентіне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Доза дұрыс таңдалмағанда немесе емді тоқтатқанда, әсіресе 1 типті пациенттерде гипергликемия дамуы мүмкін. Гипергликемияның алғашқы симптомдары біртіндеп, бірнеше сағат немесе күн ішінде пайда болады. Бұндай симптомдарға жүрек айнуы, құсу, айқын ұйқышылдық, терінің қызаруы, құрғауы, ауыз құрғауы, несеп бөлінуінің ұлғаюы, шөлдеу, тәбеттің жойылуы, сондай-ақ ауыздан ацетон иісі шығуы жатады. Егер ем жүргізілмесе, 1 типті қант диабетіндегі гипергликемия өмірге қауіпті диабеттік кетоацидоз дамуына әкелуі мүмкін. Қатарлас ауруларда, әсіресе инфекцияларда және қызба жай-күйлерінде, әдетте, пациенттің инсулинге қажеттілігі артады.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Инсулиннің гипогликемиялық әсерін күшейтеді: ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық препараттар, МАО тежегіштері, ААФ тежегіштері, карбоангидраза тежегіштері, таңдамалы емес бета-адреноблокаторлар, бромокриптин, сульфонамидтер, анаболикалық стероидтар, тетрациклиндер, клофибрат, кетоконазол, мебендазол, пиридоксин, теофиллин, циклофосфамид, фенфлурамин, литий препараттары, құрамында этанол бар препараттар.Инсулиннің гипогликемиялық әсерін әлсіретеді: ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер, глюкокортикостероидтар, тиреоидты гормондар, тиазидті диуретиктер, гепарин, трициклдық антидепрессанттар, симпатомиметиктер, даназол, клонидин, кальций өзекшелерінің блокаторлары, диазоксид, морфин, фенитоин, никотин.Резерпин және салицилаттар әсерінен препараттың әсері әлсіреуі де, сондай-ақ күшеюі де мүмкін.Бета-адреноблокаторлар гипогликемия симптомдарын жасыруы мүмкін және гипогликемияны жоюды қиындатуы мүмкін.Октреотид/ланреотид инсулинге қажеттілікті азайтуы/ұлғайтуы мүмкін.Алкоголь инсулиннің гипогликемиялық әсерін күшейтуі және ұзартуы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек зақымдануы кезінде инсулинге қажеттілік төмендейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр зақымдануы кезінде инсулинге қажеттілік төмендейді.

Жүктілік

Қандағы глюкоза деңгейіне күшейтілген бақылау жүргізу керек.

Емізу

Инсулин дозасын және/немесе тамақтану режимін түзету қажет.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гипогликемия.                                                                 Жиі емес: есекжем, бөртпе, шеткергі нейропатия (нейропатиялық ауырсыну), рефракция бұзылысы, липодистрофия, енгізу орнындағы реакциялар, ісінулер.Өте сирек: диабеттік ретинопатия, анафилактикалық реакциялар.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда қолдану бойынша ақпарат жоқ.