A07XA04 Рацекадотрил (Racecadotril)
Қолдану көрсеткіштері
Ересектердегі жедел диареяны симптоматикалық емдеу.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерінің салдарынан Квинке ісінуі тіркелген науқастарға (мысалы, каптоприл, эналаприл, лизиноприл, периндоприл, рамиприл), рацекадотрилді қабылдауға болмайды; сахароза болғандықтан, препаратты фруктоза көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы немесе сахараза- изомальтаза тапшылығы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды; аталған топтағы пациенттерде қолдану туралы деректер болмағандықтан, айқындылық дәрежесіне байланыссыз бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар балаларға.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
• Препаратты тағайындау регидратация режимін өзгертпеуі тиіс. • Регидратация балалардағы жедел диареяны емдеуде өте маңызды. • Айтарлықтай құсу немесе тәбеттің болмауымен бірге анық және созылмалы диарея кезінде венаішілік регидратация жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек. • Регидратация қажеттілігі мен енгізу жолы пациенттің жасы мен салмағына, сондай-ақ әсіресе айқын құсу мен тәбеттің жоғалуымен бірге ауыр немесе ұзаққа созылған диарея жағдайында жай-күйінің кезеңі мен ауырлығына сәйкес таңдап алынады. Сонымен қатар, ұдайы тамақтануды үзбеу (емшек емізуді қоса) және қолданылған сұйықтық көлеміне мониторинг жүргізіп отыру керек. • Нәжістің қан немесе ірің аралас болуы және температураның жоғарылауы диареяның себебі ретінде инвазиялық бактериялық ішек инфекциясын немесе басқа да күрделі аурудың бар екендігін білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, рацекадотрилді антибиотикпен астасқан және созылмалы диареяда пайдаланылуы зерттелмеген. Сондықтан Гидрасекті мұндай жағдайларда қабылдау ұсынылмайды. • Препарат биожетімділігінің ықтималды төмендеуіне байланысты ұзаққа созылған немесе бақыланбайтын құсу жағдайында тағайындалмауы тиіс. • Осы өнімді қолданған кезде тері реакцияларының пайда болуы тіркелген. Ауыр тері реакцияларының пайда болуы кезінде, емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Каптоприл, эналаприл, лизиноприл, фозиноприл, периндоприл, рамиприл - ангионевроздық ісінудің даму қаупі бар.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Инфекция мен инвазия:Жиі емес: тонзиллитТері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар: Жиі емес: бөртпе, эритема Жиілігі белгісіз: мультиформалы эритема, Квинке ісінуі (тілдің, беттің, еріннің, қабақтың ісінуі), ангионевроздық ісіну, есекжем, түйінді эритема, папулезді бөртпе, қышыну, қышыма.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
Ішуге, түйіршіктерді тамаққа қосуға немесе бір стақан суға араластыруға немесе бөтелкедегі қорекке қосуға болады. Жақсылап араластырып, дереу балаға беру керек.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 3 айға дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді