D06A13 Ретапамулин (Retapamulin)

Қолдану көрсеткіштері

Алғашқы импетигода: терінің екінші қайтара жұқпалы жарақаттық зақымдануында (аздаған сызаттар, сыдырылулар, тігіс жаралары): екінші қайтара жұқпалы дерматоздарда, псориазды қоса есептегенде, жұқпалы атопиялық және жанаспалы дерматиттерде
    Клинические протоколы:
  1. Импетиго

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

•  Жоғары сезімталдық немесе жергілікті айқын тітіркену белгілері пайда болған жағдайда емдеуді тоқтатқан жөн, жақпамайды мақта тампонмен мұқият кетіріп және альтернативті ем жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек. •  Препаратты көз айналасына жағуға болмайды, өйткені бұл препарат  офтальмологияда пайдалануға арналмаған.•  Шырышты қабықтарға жақпау керек. Препаратты мұрынның шырышты қабығына жаққанда мұрыннан қан кетудің пайда болғаны жөнінде мәлімдемелер бар.• Ішке қабылдауға болмайды.• Басқа кез келген антибиотиктердегі жағдайлар сияқты, ұзақ қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің, зеңдерді қоса есептегенде, шамадан тыс көбеюіне әкеп соғуы мүмкін. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

CYP3A4 тежегіштерімен -  бірге қолданғанда сақ болу қажет.Сыртқа қолданылатын басқа дәрілер -  оларды біріктіріп  қолдану ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолдану керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолдану керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: жаққан жердің тітіркенуіЖиі емес: қышыну, ауыру, эритема, жанаспалы дерматит.Белгісіз: асқын сезімталдық реакциялары, Квинке ісінуін қоса есептегенде; жаққан жерді күйдіріп ашыту.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Сыртқа, жасөспірімдер және 9 айлықтан асқан балалар.Препаратты зақымданған аймаққа 5 күн бойы күніне екі рет жұқалап жағылады. Зақымданған аймақ емделушінің қалауымен қосымша стерильді бинтпен немесе дәкемен таңылуы мүмкін.  3-4 күн ішінде клиникалық нәтиже жоқ болса, емдеуді қайта қарастыру қажет. Екінші қайтара жұқтырылған ұзындығы  10 см-ден астам, дене сыртының 2%-дан астамын  жарақаттық зақымы бар жарақатты емдеуге  препараттың қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігін айқақтайтын деректер жоқ.  Тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмағандықтан 9 айға дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді