D01AE12 Салицил қышқылы (Salicylic acid)

Қолдану көрсеткіштері

Терінің жұқпалы зақымдануы.Клиникалық хаттама:   1. Безеу ауруы
    Клинические протоколы:
  1. Угревая болезнь

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа аса жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препаратты беттің немесе генитальді аймақтағы сүйелдерге, түкті сүйелдерге, туа біткен дақтарға жағуға болмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік заттар - салицил қышқылы олардың сіңірілуін күшейтеді.Метотрексат және пероральді гипогликемиялық дәрілік заттар, сульфонилмочевина туындылары - сіңірілген салицил қышқылы олардың жанама әсерлерін арттырады.Гепарин - салицил қышқылы емдік әсерін арттырады және қан кетуді тудырады.Пиразинамид индукцияланған гиперурикемияны әлсіретеді.Пробенецид, сульфинпиразон және фенилбутазон - олардың подаграға қарсы әсерін әлсіретеді.Құрамында ацетилсалицил қышқылы бар дәрілік заттар және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер, тал қабығы негізіндегі препараттар - салицил қышқылын осы препараттармен бір мезгілде пероральді қабылдауға болмайды.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Терінің тітіркенуі, қышыну, шаншу, тері бөртпелері түрінде жергілікті реакциялар.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Сыртқа, салицил қышқылының ерітіндісімен суланған тампонмен, тәулігіне 2-3 рет терінің зақымданған аймақтарын өңдейді. Қажет болған жағдайда емдеуді қайталайды. Емдеу курсы - 1 аптадан артық емес. 12 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қолдану қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді