C03DA01 Спиронолактон¹ (Spironolactone)

Қолдану көрсеткіштері

Ісінулермен және/немесе асцитпен жүретін бауыр циррозы; қатерлі асцит; нефротикалық синдром; созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі ісінулер; орташа және ауыр жүрек жеткіліксіздігі (кешенді емде); біріншілік гиперальдостеронизм; резистенттік артериялық гипертензияны емдеу кезіндегі кешенді ем (лицензиялық емес көрсетілім).
    Клинические протоколы:
  1. Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
  2. Легочная гипертензия у детей и подростков
  3. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  4. Амилоидоз почек
  5. Болезнь Помпе
  6. Болезнь Фабри
  7. Диабетическая нефропатия
  8. Дисфункция яичников
  9. Мукополисахаридозы у детей
  10. Первичный гиперальдостеронизм
  11. Психические и поведенческие расстройства вызванные употреблением каннабиноидов у несовершеннолетних (7-18 лет)
  12. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением летучих растворителей у несовершеннолетних (7-18 лет)
  13. Миастения
  14. Транзиторная ишемическая атака
  15. Артериальная гипертензия
  16. Артериальная гипертензия у детей и подростков
  17. Ведение женщин фертильного возраста с пороками сердца, в том числе беременных
  18. ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
  19. Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
  20. Кардиогенный отек легких
  21. Кардиомиопатия у детей
  22. Легочная гипертензия
  23. Миокардиты
  24. Миокардиты у детей
  25. Недостаточность аортального клапана
  26. Недостаточность митрального клапана
  27. Неревматические поражения митрального клапана у детей
  28. Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
  29. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  30. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  31. Перикардиты
  32. Перикардиты у детей
  33. Перипортальная кардиомиопатия
  34. Пролапс митрального клапана у детей
  35. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  36. Стеноз аортального клапана
  37. Стеноз митрального клапана
  38. Фибрилляция и трепетание предсердий
  39. Хроническая болезнь почек у взрослых
  40. Хроническая болезнь почек у детей
  41. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
  42. Хроническая сердечная недостаточность
  43. Хроническая сердечная недостаточность у детей
  44. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  45. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися нарушением функции дыхания и/или накоплением жидкости в плевральной полости
  46. Пневмокониоз
  47. Паллиативная помощь больным с хроническими прогрессирующими заболеваниями в инкурабельной стадии, сопровождающимися асцитом
  48. Цирроз печени у взрослых
  49. Синдром дуги аорты Такаясу у детей
  50. Системная красная волчанка (педиатрия)
  51. Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
  52. Нефротический синдром
  53. Нефротический синдром у детей
  54. Хронический нефритический синдром у детей
  55. Атрезия легочной артерии
  56. Коарктация аорты у детей
  57. Критические врожденные пороки сердца у новорожденных
  58. Тетрада Фалло у детей
  59. Тотальный аномальный дренаж у детей
  60. Хирургическое или интервенционное лечение открытого артериального протока
  61. Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
  62. Артериальная гипертензия у беременных
  63. Злокачественные опухоли гортаноглотки
  64. Злокачественные новообразования слюнных желез
  65. Рак вульвы
  66. Злокачественные новообразования гортани
  67. Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
  68. Злокачественные новообразования ротоглотки
  69. Злокачественные новообразования носоглотки
  70. Злокачественные новообразования полости рта

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез-келгеніне жоғары сезімталдық; гиперкалиемия, гипонатриемия, гиперкальциемия; басқа калий жинақтаушы диуретиктерді және калий қоспаларын бір мезгілде қабылдау; Аддисон ауыруы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Ацидоз және/немесе гиперкалиемияның дамуына себеп болуы мүмкін аурулары бар пациенттерге ерекше сақтықпен қолдану керек. Бүйрек қызметі бұзылысы бар, диабеттік нефропатиясы бар науқастарда және егде жастағы адамдарда гиперкалиемия туындауы мүмкін, пациенттерде ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар жағдайда бұл өлімге алып келуі мүмкін. Жергілікті және жалпы анестетиктер аясында хирургиялық араласулар кезінде, басқа калий жинақтаушы диуретиктермен, ААФ тежегіштері, ангиотензин ІІ антогонистерімен, альдостерон блокаторларымен, гепаринмен, төмен молекулалы гепаринмен немесе гиперкалиемияны туындататын басқа препараттармен, немесе калиймен байытылған диетамен, немесе құрамында калий бар тұз алмастырғыштарымен бір мезгілде қолданғанда гиперкалиемия туындауы мүмкін. Спиронолактон дозасын арттырғанда немесе қабылдауды бастағаннан кейін бір аптадан соң креатинин және калий деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады, содан кейін алғашқы 3 ай ішінде әр ай сайын, жыл бойы тоқсан сайын, кейіннен әрбір 6 ай сайын. Егер сарысудағы калий деңгейі 5 мг-экв/л немесе креатинин деңгейі 4 мг/дл асатын болса емдеуді тоқтату керек. Гинекомастия туындататын дәрілік заттармен бірге тағайындауға болмайды. Тәулігіне 100 мг асатын дозаларда эндокринді/антиандрогенді әсерлер дамиды, АІЖ шырышты қабығының тітіркенуі және ОЖЖ әсері байқалады. Электролиттер құрамын, қандағы креатинин және мочевина, мочевина азоты деңгейін мұқият бақылау керек (әсіресе егде жастағы бүйрек және/немесе бауыр қызметінің бұзылысы бар пациенттерде), артериялық қысымның көрсеткіштерін үнемі бақылап отыру. Ем сарысулық дигоксин, плазма кортизолы және эпинефринді анықтау үрдісін бұзуы мүмкін. Емдеу кезінде алкоголь қабылдауға тыйым салынады. Көлік құралдарының жүргізушілеріне және қызметі жоғары зейін қоюмен байланысты адамдарға сақтық таныту керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

ААФ тежегіштері, ангиотензин II антагонистері, калий препараттары, басқа да калий жинақтаушы диуретиктер, циклоспориндер және сарысудағы калий деңгейін жоғарылататын басқа да препараттар - гиперкалиемияның жоғары қаупі.Гипертензияға қарсы дәрілік заттар - гипотензивтік әсердің күшеюі.СЕҚҚП - спиронолактон әсерінің төмендеуі, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, гиперкалиемия және асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.Циклоспорин - нефроуыттылықтың жоғары қаупі.Дигоксин, литий - қандағы препарат концентрациясының арту мүмкіндігі және уыттылығының жоғарылауы.                             Тиазидті диуретиктер - гипонатриемия даму қаупі.Норадреналин - қантамырлық жауаптың төмендеуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген. Жүрек қызметінің бұзылысына алып келетін гиперкалиемияның туындау қаупі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Гиперкалиемиямен бірге, қайтымды гиперхлоремиялық метаболиттік ацидоз дамуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: гиперкалиемия және аритмия (бүйрек жеткіліксіздігі бар және калий препараттарын қабылдайтын пациенттерде); либидо төмендеуі, эректильді дисфункция, гинекомастия (ерлерде), сүт безінің ауырсынуы, сүт безінің қатерлі емес ісігі, сүт безінің ұлғаюы, етеккір бұзылысы.Жиі: гиперкалиемия (егде жастағы, диабетпен ауыратын және ААФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде); жүрек айнуы, құсу; бедеулік (жоғары дозаларын қолданған жағдайда (тәулігіне 450 мг)).Жиі емес: бас ауыруы, сананың шатасуы, ұйқышылдық, астения, шаршағыштық, бас айналуы, бұлшықеттің түйілуі, атаксия, балтыр бұлшықетінің құрысулары.Сирек: аса жоғары сезімталдық, гипонатриемия, дегидратация, порфирия; АІЖ бұзылыстары, бөртпе, есекжем, гиперемия.Өте сирек: тромбоцитопения, агранулоцитоз, эозинофилия, мегалобластоз, гирсутизм, салдану, параплегия, васкулит; дауыс ырғағының өзгеруі, гепатит, алопеция, экзема, сақина тәрізді эритема, қызыл жегі тәрізді терінің зақымдануы, гипертрихоз, остеомаляция, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, қан сарысуында мочевина құрамының жоғарылауы, гиперкреатининемия, Стивенс-Джонсон синдромы.Жиілігі белгісіз: гиперхлоремиялық ацидоз немесе алкалоз, жағымсыз гипотензия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Балаларға. Бастапқы тәуліктік доза дене салмағына байланысты 1-3 мг/кг бір немесе екі қабылдауды құрайды. Басқа диуректермен біріктірілген демеуші ем жүргізу жағдайында дозаны 1-2 мг/кг дейін төмендету керек. 6 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді