V08CA01 Гадопентет қышқылы¹ (Gadopentetic acid)
Қолдану көрсеткіштері
Бас миы мен жұлынның магнитті-резонанстық томографиясы (МРТ) (краниальді және жұлындық МРТ). Бүкіл дененің магнитті-резонанстық томографиясы.
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе препараттың кез келген қосымша затына асқын сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Интретекальді енгізуге арналмаған. Емшара аяқталғаннан кейін 30 минут аралығында пациенттке дәрігерлік бақылау жүргізу керек, себебі көптеген жағымсыз реакциялар осы кезеңде туындайды. Басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды. Бета- блокаторлар қабылдайтын пациенттерде қолданылатын бета- агонистер тиімсіз болуы мүмкін. Жүрек- қантамыр аурулары бар пациенттерде асқын сезімталдықтың ауыр реакциялары дамыған кезде, өлімге дейін алып келетін, ауыр нәтижелер қаупі жоғары. Басішілік бұзылыстары және эпилепсиясы бар пациенттерде құрысу белсенділігінің жоғары күшею қаупі байқалады. Автокөлік немесе қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Шумақтық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) 30-дан 59 мл/мин/1,73м² дейін болғанда дене салмағына байланысты 0,1 ммоль/кг дозадан артық емес дозада, қауіп/ пайда қатынасын мұқият бағалағаннан кейін тек ерекше жағдайларда қолданылады. ШСЖ 30 мл/мин/1,73м² төмен болғанда қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыры алмастырылған немесе алмастырылуы күтілетін пациенттерде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Ұсынылмайды!
Емізу
Аздаған мөлшерлерде ана сүтіне енеді (ең жоғарғысы – көктамыр ішіне енгізілген дозаның 0,04 %-ы). Енгізу алдында бала емізу тоқтатылуы тиіс және инъекциядан соң 24 сағаттан ерте емес уақытта қайтадан жалғастырылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: инъекция орнындағы әр түрлі реакциялар, бас ауыруы, жүрек айнуы, нейрогенді жүйелік фиброз, анафилактоидтық реакциялар/анафилактикалық шок.Жиі емес: бас айналуы, құсу, дисгевзия, қызуды сезіну, суықты сезіну, ауырсыну.Сирек: перифериялық вазодилатация, гипотензия, талма, рефлекторлы тахикардия, үрей, сананың шатасуы, цианоз, тромбофлебит, тыныс алу жиілігінің ауыспалы бұзылыстары (тыныс алу жиілігінің жоғарылауы немесе төмендеуі), тыныс алу бұзылысы, іштің ауыруы, асқазандағы жайсыздық. Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Тек көктамырға енгізуге арналған.4 аптадан асқан балалар ұсынылған доза - дене салмағына байланысты 0,2 мл/кг. Күрделі сұрақтар үшін жоғары доза - 0,4 мл/кг.4 аптаға дейінгі жаңадан туылған балаларға қарсы көрсетілген. 1 жасқа дейінгі балаларда қауіп/ пайда қатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана қолданылады.