V08AB05 Йопромид¹ (Iopromide)

Қолдану көрсеткіштері

Көктамыр ішіне/артерия ішіне сандық субтракциялық ангиографияны қоса, компьютерлік томография, артериография және венография; көктамырішілік урография, эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография, артрография және дене қуысына басқа да зерттеулер жүргізу, ангиокардиография кезіндегі бейненің контрастылығын күшейту.

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа және қосымша компоненттерге жоғары сезімталдық, бақыланбайтын тиреотоксикоз.

Қауіпсіздік шаралары

Контрастылы заттар қан плазмасындағы билирубин, ақуыз және бейорганикалық заттардың (мысалы, темір, мыс, кальций, фосфаттар) зертханалық көрсеткіштеріне әсер етеді. Зертханалық талдаулар контрастылы заттарды енгізгеннен кейін бірінші күні жүргізілмеуі тиіс. Препаратты енгізгеннен кейін қалқанша маңы безімен тиреотропты изотоптар жұтылады, бұл қалқанша маңы безі ауруларын емдеу және диагностикасы үшін олардың тиімділігін төмендетеді. Контрастылы заттарды енгізуге дейін және енгізуден кейін қажетті көлемде су жүктемесімен қамтамасыз ету керек.  Контрастылы заттарды енгізгеннен кейін ауыр асқын сезімталдық реакцияларының дамуы мүмкін болғандықтан, процедура аяқталғаннан кейін пациенттің жағдайын бақылау қажет. ОЖЖ аурулары бар пациенттерде препаратты енгізумен байланысты неврологиялық асқынулардың даму қаупі жоғарылауы мүмкін. 

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Метформин - бүйрек қызметінің уақытша бұзылыстары және сүтқышқылды ацидоз дамуы мүмкін.Алдеслейкин - тұмау тәрізді жағдайлар немесе терілік реакциялар сияқты мерзімі ұзартылған жағымсыз реакциялар жиілігінің жоғарылауы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Құрамында йоды бар ретгенконтрастылы заттар нефропатия, бүйрек қызметі бұзылыстарын немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігін туындатуы мүмкін, алдын алу шараларын сақтау керек препарат нұсқаулығын қараңыз. Бүйрек бұзылыстары кезінде сақтықпен қолдану, препараттың төмен дозасын пайдалану керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана сүтіне аз мөлшерде экскрецияланады, сондықтан емізу кезінде бала үшін қауіп тудыру ықтималдығы екіталай. 

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас айналуы, бас ауыруы, дисгевзия, көрудің бұлыңғырлануы, кеуде артының ауыруы және жайсыздығы, артериялық гипертензия, вазодилатация, құсу, жүрек айнуы, ауыру, инъекция орнындағы әртүрлі реакциялар.Жиі емес: анафилактоидтық/асқын сезімталдық реакциялары, вазовагальді реакциялар, сананың шатасуы, мазасыздық жағдайы, парестезия/гипостезия, ұйқышылдық, аритмия, артериялық гипотензия, ентігу, іш ауыруы, ісінулер.Сирек: үрейлену жағдайы, жүректің тоқтап қалуы, миокард ишемиясы, жүректің қағуы.

Балаларда қолданылуы

Тамырішіне енгізу.Балаларға дозасы зерттеу мәселелеріне және орындалатын әдістерге сәйкес анықталады. Нақты көрсетілімдер бойынша дозалау ерекшеліктері препарат нұсқаулығында келтірілген.Ескерту! емшек еметін балаларда (< 1 жас) және әсіресе электролиттік теңгерім мен гемодинамика бұзылыстарына бейім жаңадан туылған балаларда сақтықпен қолдану.