V08AA01 Натрия амидотризоаты¹ (Diatrizoic acid)

Қолдану көрсеткіштері

Көктамырішілік және ретроградтық урография, ангиография, артрография, интраоперациялық холангиография, эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатографияда (ЭРХПГ), сиалография, фистулография, гистеросальпингография.

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне және құрамында йод бар заттарға жоғары сезімталдық, миелография, вентрикулография және цистернография, айқын гипертиреоз, декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жамбас қуысының жедел қабыну үдерістерінде гистеросальпингография жүргізуге болмайды, жедел панкреатит кезінде ЭРХПГ қарсы көрсетілген.

Қауіпсіздік шаралары

Құрамында йод бар рентгенконтрастылы заттар жүрек-қантамыр патологиясы және неврологиялық бұзылыстары, алкоголь мен есірткіге тәуелділігі бар пациенттерде, егде жастағы адамдарда күрделі асқынулардың туындау қаупі жоғары болады. Лактатацидоз туындау қаупіне байланысты қант диабетін емдеу үшін бигуанидтер қабылдайтын пациенттер, зерттеу басталуына дейін 48 сағат бұрын қабылдауды тоқтату керек. Құрамында йод бар контрастылы заттарды енгізуге мерзімі ұзартылған реакциялар сирек кездеседі, бірақ зерттеу жүргізілгеннен кейін алғашқы 24 сағат ішінде автокөлік басқармаған немесе қозғалыстағы механизмдермен жұмыс жасамаған жөн.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Жеке жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігі байқалуы мүмкін.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауыр дәрежедегі бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында гемодиализ жүргізу қажеттілігіне алып келетін, контрастылы зат шығарылуының кідіруі мүмкін.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: қышыну, есекжем, ангионевротикалық ісіну, конъюнктивит, ринит, түшкіру, жөтел, эритематозды бөртпелер, қышытатын экзантемалар; жүрек айнуы, құсу, амилаза деңгейінің шамалы жоғарылауы (ЭРХПГ кейін); инъекция орнындағы ауыру, қабыну мен тіндер некрозы.Сирек: бронх түйілуі, көмейдің түйілуі немесе ісінуі, уытты терілік реакциялар (мысалы, Стивенс-Джонсон немесе Лайелл синдромы); бас айналуы, бас ауыруы, қозу, сананың шатасуы, амнезия, сөйлеу, көру мен есту бұзылысы, жарықтан қорқу, көздің уақытша көрмеуі, тремор, тырысулар, парездер/салдану, кома, ұйқышылдық; артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, асистолия, аритмия; миокард инфарктісіне алып келетін, ауыр тромбоэмболиялық көріністер; іштің ауыруы, панкреатит және некрозданатын панкреатит (ЭРХПГ кейін); тромбофлебит және көктамырлар тромбозы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.