V07AB Инъекцияға арналған су (Aqua for injections)
Қолдану көрсеткіштері
Тікелей қолдану алдында тері астына, бұлшықетке немесе көктамырға енгізуге арналған ұнтақтар, лиофилизаттар және концентраттардан стерильді инъекциялық ерітінділерді дайындауға арналған ерітінді ретінде.
-
Клинические протоколы:
- Апластическая анемия у детей
- Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Иммунная тромбоцитопения у взрослых
- Коронавирусная инфекция - COVID-19, 10-я редакция с изменениями от 15.07.2020
Қарсы көрсеткіштері
Егер кейбір заттар үшін басқа еріткішті қолдану міндетті болып табылса, инъекцияларға арналған су дәрілік заттардың еріткіші ретінде қолданылмайды.
Қауіпсіздік шаралары
Гемолиздің даму қаупіне байланысты инъекцияға арналған суды тікелей инъекциялауға немесе инфузия түрінде енгізуге болмайды!
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Инъекцияға арналған суды инъекцияға арналған майлы еріткіштермен, сүрту үшін сыртқа арналған заттармен араластырмайды және инфузияға арналған ерітінділерді дайындауға, жараларды шаюға және таңу материалдарын дымқылдандыру үшін қолданбайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі
Түзету қажет емес.
Жүктілік
Шектеу жоқ.
Емізу
Шектеу жоқ.
Жағымсыз әсерлері
Еріген дәрі-дәрмектерге байланысты.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Нақты дәрі-дәрмектерге арналған нұсқаулыққа байланысты.
Балаларда қолданылуы
Шектеу жоқ.