V04CF01 Туберкулин¹ (Tuberculin)

Қолдану көрсеткіштері

Жаппай туберкулезді диагностикалауға арналған: БЦЖ қайта вакцинациялау үшін адамдарды іріктеу және 2 айлық және одан үлкен балаларды бастапқы вакцинациялау алдында; туберкулез микобактерияларының жұқпалануын анықтау, оның ішінде балалардағы туберкулездің бастапқы және жергілікті түрлерін ерте анықтау үшін.

Қарсы көрсеткіштері

Жайылған тері аурулары; асқыну кезеңіндегі жедел және созылмалы инфекциялық және соматикалық аурулар; аллергиялық жағдай (бронх демікпесі, асқыну кезеңіндегі айқын тері көріністері бар идиосинкразия); жедел және жеделдеу фазадағы ревматизм, эпилепсия.

Қауіпсіздік шаралары

«Қарсы көрсеткіштері» бөлімінде көрсетілген, диагностикалық Манту сынамасын аурулардың клиникалық симптомдары жойылғаннан кейін 1 айдан соң немесе балалар ұжымында инфекциялық аурулар бойынша карантин біткеннен кейін жүргізу. Балалар инфекциялары бойынша карантин бар балалар ұжымдарында Манту сынамасын жүргізуге жол берілмейді. Алдын алулық екпелер туберкулиннің сезімталдығына әсерін тигізуі мүмкін. Осыған байланысты, туберкулезге қарсы диагностиканы жүргізу әртүрлі инфекциялық ауруларға қарсы алдын алулық екпелерді қою алдында жоспарлануы тиіс. Алдын алулық екпе жасалған жағдайда туберкулезге қарсы диагностика екпе жасалғаннан кейін кемінде 1 ай өткен соң жүзеге асырылуы тиіс. Бір еккіште басқа дәрілермен араластырмау.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ақпарат жоқ.

Жүктілік

Аса қажет болған жағдайда қолдану.

Емізу

Сақтықпен қолдану.

Жағымсыз әсерлері

Туберкулинге жоғары дәрежедегі БТС бар жекелеген адамдарда жергілікті реакция лимфангоитпен немесе лимфаденитпен бірге жүруі мүмкін.Жиі: ауыру, инъекция орнындағы жайсыздық.Жиі емес: дімкәстік, бас ауыруы, температураның жоғарылауы.Сирек: анафилактикалық реакция, туберкулинге аса жоғары сезімталдық салдарынан инъекция орнында тері некрозының және күлдіреуіктерінің түзілуі.

Балаларда қолданылуы

Тек тері ішіне! Манту сынамасын дәрігердің тағайындауы бойынша туберкулинді диагностикалық мақсаттарда қолдануға рұқсат-құжаты бар арнайы оқытылған медбике қояды. Препарат тек тері астына енгізіледі! Манту сынамасы міндетті түрде отырған күйде қойылуы тиіс, эмоциялық тұрғыда тұрақсыз тұлғаларға инъекция естен танудың себепшісі болуы мүмкін. Балаларға 2 ТБ. Дұрыс енгізу техникасы қамтамасыз етілсе, теріде диаметрі 7-10 мм мөлшерінде, «лимон қабықшасы» түріндегі ақ түсті папула пайда болады.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз