S03CA01 Дексаметазон және Ципрофлоксацин (Dexamethasone and antiinfectives)

Қолдану көрсеткіштері

Көз бен оның қосалқыларының бактериялық қабыну аурулары: жедел және баяу өрбитін конъюнктивитте; кератитте; алдыңғы увеитте; блефаритте және қабақтың басқа қабыну ауруларында; көз бен оның қосалқыларының жарақатынан кейін және көз алмасына жасалған операциялар кезіндегі инфекциялық асқынулардың профилактикасында және емдеуде;Құлақтың бактериялық қабыну аурулары: ересектер мен балалардағы жедел сыртқы отитте; дабыл жарғағында шунт болғанда, грануляциялармен және отореямен жедел ортаңғы отитте.Клиникалық хаттама:   1. Кератит
    Клинические протоколы:
  1. Кератит

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; герпестік кератит және мөлдір қабық пен конъюнктиваның басқа да вирустық зақымданулары; көз туберкулезі; көздің зеңдік зақымданулары; есту жолының вирустық инфекцияларында.

Қауіпсіздік шаралары

Ұзақ пайдалану көзішілік қысымның жоғарылауына алып келуі мүмкін, бұл  ары қарай көру жүйкесінің зақымдалуымен, көру жітілігі мен аясының төмендеуімен, сондай-ақ артқы субкапсулярлық катарактаның түзілуімен жүреді. Жанаспалы линзаларды пайдаланатын науқастар препаратын тек линзаларды шешіп тастап қолдануы тиіс және оларды препаратты тамызғаннан кейін 20 минуттан соң тағуға болады.Аппликациядан кейін көру өткірлігі уақытша жоғалған науқастарға тамызғаннан кейін бірден машина жүргізу немесе күрделі техникамен, станоктармен немесе көру өткірлігін қажет ететін қандай да бір күрделі жабдықпен жұмыс жасау ұсынылмайды. Құлақ тамшысын қолданар алдында сыртқы есту жолының санациясын (сыртқы есту жолын жуып-шаю және құрғату) жүргізу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Бауыр  ферменттерінің индукторлары, тежегіштері және субстраттары: P450 3A4 цитохромының (CYP 3A4) белсенділігін индукциялайтын  препараттар (барбитураттар, фенитоин, карбамазепин, рифампицин) кортикостероидтардың метаболизмін күшейтеді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ақпарат жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ақпарат жоқ.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: көздің өтпелі ашытып шымылдауы, жайсыздық, ақ шөгінді түзілуі - әдетте препаратты жоғары дозада қолданғанда, суперинфекция. Жиі: көздің ашуы, қызаруы, қышынуы, көрудің бұлыңғырлануы, өтпелі жайсыздық, жаралардың жазылуының баяулауы, мөлдір қабықтың жұқаруы, салдарлы - зеңдік/бактериялық инфекция. Жиі емес: конъюнктивит, кератит, периокулярлық ісіну, қабақтың ісінуі, беттің ісінуі, көзде бөгде дене тұрғандай сезіну, фотофобия, көрудің бұлыңғырлануы, көздің құрғауы, көру жүйкесінің зақымдалуы, дәм перверсиялары. Сирек: мөлдір қабық инфильтраттары, бас айналуы, аллергиялық реакциялар, тері бөртпесі, аса жоғары сезімталдық, құлақтағы жайсыздық және ауыруы, құлақтың қышуы, құлақтың тұнып қалуы; Өте сирек: көру жітілігінің төмендеуі және көру өрісінің тарылуы, катаракта қалыптасуы, ұзақ уақыт қолданғанда көзішілік қысым жоғарылауы және глаукома болуы мүмкін, мөлдір қабық жұқарғанда көз алмасының тесілу қаупі орын алады. 

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.