S01XA12 Декспантенол (Dexpanthenol)
Қолдану көрсеткіштері
Мөлдір қабықтың эрозиясы; көздің күюі; түрлі этиологиядағы кератиттер; мөлдір қабықтың дистрофиялық аурулары; жанаспалы линзаларды салып жүргенде мөлдір қабық зақымдануының алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Мукополисахаридозы у детей
- Катаракта
- Термические и химические ожоги, ограниченные областью глаза и его придаточного аппарата
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Препараттың құрамында цетримид консерванты бар, оны жиі немесе ұзақ мерзімді қолдануда көздің шырышты қабығының тітіркенуі және мөлдір қабық эпителийінің зақымдануын тудыруы мүмкін. Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруды болдырмау керек.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.
Жағымсыз әсерлері
Көздің қызаруы, көрудің бұлыңғырлануы, көздің ауыруы және басқа дененің болуын сезіну, көзден жоғары жас ағу, қышыну, күйдіру, конъюнктивальді ісіну, аллергиялық реакциялар, тері қышынуы, уртикарлы бөртпе.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.