S01LA04 Ранибизумаб (Ranibizumab)
Қолдану көрсеткіштері
Жас шамасына байланысты неоваскулярлық (экссудативті) макулярлық дегенерация; диабеттік макулярлық ісіну кезінде көруді түзету; ретинальді көктамырлардың окклюзиясы нәтижесіндегі макулярлық ісінуден кейінгі көрудің бұзылуы; патологиялық миопатия салдарынан хориоидальді неоваскуляризация кезінде көрудің бұзылуын емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Окклюзия сосудов сетчатки
- Диабетическая ретинопатия
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген ингредиентіне жоғары сезімталдық; белсенді/күмәнді окулярлы немесе периокулярлы инфекциялық үдеріс.
Қауіпсіздік шаралары
Көзішілік қысымның көрсеткіштері және көру жүйкесі дискісінің перфузиясы тексеріліп отырылуы және тиісінше түзетілуі тиіс. Пациенттерге көзішілік инфекция ауырлығының ұлғаюы жағдайында хабарлау қажет екендігін ескерткен жөн, себебі бұл көзішілік антидене түзілуінің клиникалық белгісі болуы мүмкін. Көлік құралын немесе басқа механизмдерді басқару ұсынылмайды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік препараттармен үйлесімділігіне зерттеулер жүргізілмеген, препаратты басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге препарат дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарға препаратты қолдану зерттелмеген, сондықтан қабылдау ұсынылмайды.
Жүктілік
Жүктілік кезінде препаратты қолдануға зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан жүктілік кезінде қолданылмауы керек.
Емізу
Ұсынылмаған.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: назофарингит, бас ауыруы, шыны тәрізді дене қабынуы, шыны тәрізді дене қабыршықтануы, көздің торлы қабығына қан құйылу, көрудің бұзылуы, көздің ауыруы, шыны тәрізді дененің қалқымалы бұлыңғырлануы, конъюнктиваға қан құйылу, көздің тітіркенуі, көзде бөгде дененің сезінуі, жас ағудың жоғарылауы, блефарит, көздің құрғауы, көз гиперемиясы, көздегі қышыну сезімі, артралгия, көз ішілік қысымның жоғарылауы.Сирек: несеп шығару жолдарының инфекциялары, анемия, аса жоғары сезімталдық, үрейлілік, торқабық дегенерациясы, көз торқабығы қызметінің бұзылуы, көз торқабығының ажырауы, көз торқабығының жарылуы, көз торқабығының пигментті эпителийінің ажырауы, көз торқабығының пигментті эпителийінің үзіліп ажырауы, көру өткірлігінің төмендеуі, шыны тәрізді денеге қан құйылу, шыны тәрізді дене функциясының бұзылуы, увеит, ирит, иридоциклит, катаракта, субкапсулярлы катаракта, артқы капсуланың бұлыңғырлануы, нүктелік кератит, мөлдір қабықтың зақымдануы, көздің алдыңғы камерасының қабынуы, анық көрмеуі, инъекция орнындағы геморрагиялар, көзге қан құйылу, конъюнктивит, аллергиялық конъюнктивит, көзден бөлінетін бөлінді, фотопсия, фотофобия, қабақтың ісінуі, жөтел, жүрек айнуы, бөртпе, есекжем, қышыну, эритема.Жиі емес: соқырлық, эндофтальмит, гипопион, гифема, кератопатия, нұрлы қабықтың жабыспасы, мөлдір қабықтағы шөгінділер, мөлдір қабықтың ісінуі, мөлдір қабықта жолақтар пайда болуы, инъекция орнының ауыруы, инъекция орнының тітіркенуі, көзде атиптік сезінулер, қабақтың тітіркенуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.