S01HA04 Проксиметакаин (Proxymetacaine)

Қолдану көрсеткіштері

Офтальмологияда тонометрия, гониометрия, конъюнктивальді немесе мөлдір қабық қырындысы, бөгде денелерді алып тастау  және т.б.  сияқты диагностикалық-емдік манипуляция жүргізуде жергілікті анестезия үшін.
    Клинические протоколы:
  1. Катаракта

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық;

Қауіпсіздік шаралары

 •Ұзақ уақыт бойы пайдалану - әсер ету ұзақтығын азайту, жара жазылуының баяулауы, көз көруінің жоғалуымен және мөлдір қабықтың тесілуімен қатар жүретін мөлдір қабық инфекциясына және/немесе мөлдір қабықтың бұлыңғырлануына жалғасатын  эпителий эрозиясына әкелуі мүмкін.• Эпилепсиясы бар, жүрек жеткіліксіздігі бар, гипертиреоидизмі бар пациенттерге немесе белгілі респираторлық жүйесінің проблемасы бар, миастениясы бар  пациенттерге абайлап қолданылады. • Плазмадағы холинэстеразаның концентрациясы төмен пациенттер және  холинэстераза тежегіштерімен ем алатын пациенттер эфирлі анестетиктер пайдаланғанда жүйелі әсерінің жоғары қаупіне ұшырайды.• Контактілі линзаларды анестетикті қолдану кезінде қолдануға болмайды.•Анестетик әсер ету уақытында  жанаспалы линза тағу ұсынылмайды.•Көлік құралдарын және басқа да қауіпті механизмдерді басқару кезінде күте тұру керек, себебі пациенттер ем кезінде көру бұзылыстарын сезінуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуін  зерттеу бойынша тексерулер жүргізілмеген.   Антихолинэстеразы - жүйелік уыттану қаупін ұлғайтады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозаны түзету қажет емес.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Көру мүшелері тарапынан бұзылулар  Жиі емес: тітіркену /ауыру/көзді ашыту, конъюнктивальді эритема, көз жасының көп ағуы немесе көз қарығу, мөлдір қабық эпителийінің жұмсаруы және эрозиясы, мұрын-көз жасы өзегінің бітелуі, және қан кетуі. Алайда тітіркенудің жергілікті симптомдары Алкаин* препаратын тамызудан кейін бірнеше сағаттан кейін ғана туындауы мүмкін.Сирек: мидриаз, циклоплегия немесе көз аумағы маңының экземасы.Өте сирек: жедел, ауыр және диффуздық эпителиальді кератит сияқты мөлдір қабықтың дереу, ауыр, айқын аллергиялық реакциялары; мөлдір қабықтың сұрғылт, күңгірт түрде болуы; некроздық эпителийдің үлкен бөліктерінің қабыршақтануы; жіп тәрізді элементтер; ириттер және мөлдір қабықтың артқы шектік пластинкаларының қабынуы. Жүйелік жағымсыз әсерлер Өте сирек: соңынан депрессия болатын ОЖЖ стимуляциялау; жүрек функциясының бұзылуы; саусақ ұштарында құрғауы болатын және жарық түзілетін аллергиялық жанаспалы дерматит Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар Шамадан тыс пайдалану - уытты әсерінен көздің зақымдануына әкелуі мүмкін.

Балаларда қолданылуы

8 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Балалардағы препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігін зерттеу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.