S01GX09 Олопатадин (Olopatadine)
Қолдану көрсеткіштері
Офтальмологиялық белгілерді және маусымдық аллергиялық конъюнктивит симптомдарын емдеу. |
Қарсы көрсеткіштері
Әсер
етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары
сезімталдық - 8 жасқа дейінгі балалар. |
Қауіпсіздік шаралары
Олопатадин
көзге тамызатын дәрісін жергілікті қолданудан кейін жүйелі сіңуі мүмкін.
Жағымсыз реакция немесе аса жоғары сезімталдық белгілері болса, препарат
қабылдауды тоқтату қажет. Олопатадин препаратының құрамында бензалконий хлориді бар, ол көзді тітіркендіруі мүмкін. Сондай-ақ, бензалконий хлориді нүктелік кератопатияның және/немесе уытты ойық жаралы кератопатияның дамуына әкелуі мүмкін екендігі туралы хабарланды. Құрғақ көз синдромы немесе мөлдір қабықтың зақымдануы бар пациенттерде препаратты ұзақ немесе жиі қолданғанда емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Жанаспалы линзаларды тағу Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіретіні белгілі. Препараттың жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасуын болдырмау керек. Пациенттерге көзге тамызатын дәріні қолданар алдында жанаспалы линзаларды шешу қажеттілігі туралы нұсқау беру керек, препаратты қолданғаннан кейін контактілі линзаларды 15 минуттан кейін қайтадан тағуға болады. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа
препараттармен өзара әрекеттесуді зерттеу жүргізілген жоқ. In vitro зерттеулері олопатадин P-450 1A2, 2C8, 2C9, 2C19, 2D6, 2e1 және 3A4 цитохром изоферменттері қатысатын метаболизмдық реакцияларды тежемейтінін көрсетті. Бұл нәтижелер олопатадиннің бір мезгілде енгізілетін басқа белсенді заттармен метаболизмдық өзара әрекеттесуіне әкелуі екіталай екенін көрсетеді. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде олопатадинді көзге тамызатын дәрі түрінде зерттеу жүргізілген жоқ. Алайда, бауыр немесе бүйрек функцияларының бұзылуында дозаны түзету қажет емес. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде олопатадинді көзге тамызатын дәрі түрінде зерттеу жүргізілген жоқ. Алайда, бауыр немесе бүйрек функцияларының бұзылуында дозаны түзету қажет емес. |
Жүктілік
Жүкті
әйелдерде олопатадинді офтальмологиялық қолдануға қатысты деректер жоқ немесе
олардың саны шектеулі. Жануарларға жүргізілген зерттеулер жүйелі қолданғаннан кейін репродуктивтік уыттылығын көрсетті. Олопатадин препаратын жүктілік кезінде және контрацепцияны пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерге қолдану ұсынылмайды. |
Емізу
Жануарларға
жүргізілген зерттеулердің қолда бар деректері олопатадиннің пероральді
қолданғаннан кейін емшек сүтіне енетінін көрсетті. Жаңа туған нәрестелер/нәрестелер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Олопатадин препаратын емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды. |
Жағымсыз әсерлері
Инфекциялық
және паразиттік аурулар: жиі емес – ринит. Иммундық жүйенің тарапынан: жиілігі белгісіз – аса жоғары сезімталдық реакциялары, беттің ісінуі. Жүйке жүйесі тарапынан: жиі – бас ауыруы, дисгевзия; жиі емес – бас айналу, гипестезия; жиілігі белгісіз – ұйқышылдық. Көру мүшесі тарапынан: жиі – көздің ауыруы, көздің тітіркенуі, көздің құрғауы, көз сезімталдығының бұзылуы; жиі емес – мөлдір қабық эрозиясы, мөлдір қабық эпителийінің зақымдануы, мөлдір қабық эпителийі тарапынан бұзылулар, нүктелік кератит, кератит, мөлдір қабақта дақтардың пайда болуы, көзден ағатын бөліністер, көздің қарығуы, көру айқындығының бұзылуы, көру өткірлігінің төмендеуі, блефароспазм, көздегі жайсыздық сезімі, көздің қышуы, конъюнктива фолликулаларының түзілуі, конъюнктива тарапынан бұзылулар, көздегі бөгде дененің сезілуі, жас ағудың жоғарылауы, қабақ эритемасы, қабақтың ісінуі, қабақ тарапынан бұзылулар, көз гиперемиясы; жиілігі белгісіз – қабақтың ісінуі, конъюнктивит, көздің ісінуі, көз айналасындағы ісіну, мидриаз, көру қабілетінің бұзылуы, қабақтың шеттерінде қабыршақтың пайда болуы. Тыныс алу жүйесі, көкірек қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан: жиі – мұрынның құрғауы; жиілігі белгісіз – ентігу, синусит. Асқазан-ішек жолы тарапынан: жиілігі белгісіз – жүрек айнуы, құсу. Тері және тері асты тіндері тарапынан: жиі емес – жанаспалы дерматит, терідегі күйдіру сезімі, терінің құрғауы; жиілігі белгісіз – дерматит, эритема. Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар: жиі – шаршағыштық; жиілігі белгісіз – әлсіздік, дімкәстік. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Доза
тәулігіне екі рет (8 сағат аралықпен) зақымдалған көздің (көздің)
конъюнктивалық қалтасына Олопатадин препаратының бір тамшысын құрайды. Қолдану тәсілі. Тек офтальмологияда қолдану үшін. Егер алғашқы ашуды бақылауға арналған бекіткіш сақина босаған болса, қақпақты шешкеннен кейін препаратты қолданар алдында оны алып тастаңыз. Тамызғыш-мөлшерлегіштің ұшы мен ерітіндінің ластануын болдырмау үшін құтының тамызғыш-мөлшерлегішінің ұшымен қабақтың, көз айналасындағы аймақтың және басқа да беттердің жанасуына жол бермеу керек. Құтыны пайдаланбаған кезде тығыз жабық сақтау керек. Басқа жергілікті офтальмологиялық дәрілермен қатарлас ем жағдайында препараттарды жүйелі қолдану арасындағы 5 минуттық аралықты сақтау керек. Көз жақпаларын соңғы кезекте қолдану керек. |
Балаларда қолданылуы
Көзге тамызатын дәрі 8 жастан асқан балаларда ересектердегідей дозада қолдануға болады. |