S01GX07 Азеластин (Azelastine)

Қолдану көрсеткіштері

Маусымдық аллергиялық конъюнктивитті емдеу мен алдын алуға; маусымдық емес (жыл бойылық) аллергиялық конъюнктивитті емдеу.

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді және қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Азеластинді қолдану уақытында жанаспалы линза кию ұсынылмайды.  Егер Азеластинді  тамызғаннан кейін тітіркену белгілері білінсе, олар жойылғанша көзді елеулі ширықтыратын, автокөлік жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқаруға байланысты  жұмыстарды орындауға болмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған. Басқа көз тамшы дәрілерімен қоса емдегенде оларды көзге 15 минуттан кем емес аралықпен тамызу керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозаны түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: көздің жеңіл өтпелі тітіркенуі; ауызда ащы дәм болуы.

Балаларда қолданылуы

Маусымдық аллергиялық конъюнктивитте - 4 жасқа дейінгі балаларға; жыл бойы болатын аллергиялық конъюнктивитте - 12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Маусымдық аллергиялық конъюнктивит:  4 жастан үлкен балаларға әр көзіне 1 тамшыдан (таңертең және кешке) күніне 2 рет тамызады. Қажет болғанда дозаны әр көзіне бір  тамшыдан күніне 4 ретке дейін ұлғайтады. Белгілі аллергенмен болжамды жанасуда препарат алдын алуға қолданылуы мүмкін.Маусымдық емес (жыл бойғы) аллергиялық конъюнктивит:  12 жастан үлкен балаларға әр көзіне 1 тамшыдан (таңертең және кешке) күніне 2 рет тамызады. Қажет болғанда дозаны әр көзіне бір  тамшыдан күніне 4 ретке дейін ұлғайтады.Азеластин аллергия белгілері тоқтағанша қолданылады, әдетте үзіліссіз 6 аптадан ұзақ емес. Препаратты қатарынан 6 аптадан астам қолдану медициналық бақылаумен жүргізілуі тиіс.