S01FA06 Тропикамид (Tropicamide)
Қолдану көрсеткіштері
Диагностикалық мақсатта мидриаз және циклоплегияға қол жеткізу үшін: офтальмоскопия жүргізу және рефракцияны анықтау кезінде.
-
Клинические протоколы:
- Ювенильный идиопатический артрит (педиатрия)
- Афакия
- Катаракта
- Термические и химические ожоги, ограниченные областью глаза и его придаточного аппарата
- Травма глаз и глазницы. Ушиб глазного яблока и тканей глазницы III-IV степени
Қарсы көрсеткіштері
Тропикамидке немесе препараттың басқа да компонентіне жоғары сезімталдық; болжамдалған немесе диагностикаланған жабық бұрышты глаукома.
Қауіпсіздік шаралары
Емдеу бастамас бұрын көзішілік қысымды анықтау және көздің алдыңғы камерасының тереңдігін бағалау керек. Антихолинергиялық заттарға жоғары сезімталдығы бар пациенттерде психикалық бұзылыстардың тропикамид-индукцияланған реакциялары және мінез-құлықтың бұзылулары байқалуы мүмкін. Жүйелі сіңірілуін және жағымсыз әсерлерін шектеу үшін қайталап қолдануды болдырмау керек. Тахикардиямен бірге жүретін аурулары бар пациенттерде (тиреотоксикоз, жүрек жеткіліксіздігі және т.б.), жүрек ишемиясы және гипертониясы бар, егде жастағы пациенттерге (65 жастан асқан) сақтықпен қолдану керек. Пациенттерге көру толығымен қалпына келгенге дейін көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару ұсынылмайды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Антимускаринді заттар, трициклдік антидепрессанттар, хинидин, фенотиазиндер, гистаминге қарсы заттар - тропикамид әсерінің күшеюі. Сублингвальді нитраттар - ауыз қуысының құрғақтығына байланысты бұл заттар әсерінің төмендеуі.
Жүктілік
Ұсынылмайды. Жүктіліктің I триместрінде қарсы көрсетілген.
Емізу
Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті. Жиі: жарықтан қорқу, көздің ауыруы, көрудің бұлдырлануы, көздегі жайсыздық, аккомодация бұзылысы.Жиі емес: көзішілік қысымның жоғарылауы, көздің тітіркенуі, көз гиперемиясы.Сирек: конъюнктивиттер, көз ісінуі, нүктелік кератит, көздің қышуы.Жүйелік. Сирек: бас айналуы, бас ауруы, естен талу, гипотензия, тахикардия, брадикардия, аритмия, гиперемия, психикалық бұзылыстар, галлюцинациялар, мінез- құлықтық ауытқулар, қимылдық бұзылыстар, бозару, мұрынның құрғауы, терінің құрғауы, бөртпе, еріннің құрғауы, дизурия, несеп шығарудың ұсталуы, іштің қатуы, жүрек айнуы, құсу, дәрі әсерінің ұзаруы.
Балаларда қолданылуы
ОЖЖ бұзылыстары даму қаупінің жоғарылауына байланысты сақтықпен қолдану. 0,5% жоғары концентрацияда қолданбау. Төменгі конъюнктива қалтасына тамызады. Қарашықты диагностикалық кеңейту үшін: 2 тамшы 0,5% ерітіндіні 5-минуттық интервалмен. Көз түбін зерттеу мақсатында: 1-2 тамшыдан 0,5% ерітіндіні 1 рет. Зерттеудің тиімді уақыты - препаратты енгізуден кейін 15-20 минут өткен соң.