S01FA01 Атропин сульфаты (Atropine)

Қолдану көрсеткіштері

Көз түбін зерттеу үшін қарашықты диагностикалық кеңейту, көздің нағыз рефракциясын анықтау мақсатында аккомодация салдануына  жету үшін. Қабыну ауруларында, көз жарақаттарында, торқабықтың орталық артериясының эмболиясы немесе спазмасында кешенді терапия құрамында.
    Клинические протоколы:
  1. Травма глаз и глазницы. Ушиб глазного яблока и тканей глазницы III-IV степени
  2. Термические и химические ожоги, ограниченные областью глаза и его придаточного аппарата
  3. Кератит

Қарсы көрсеткіштері

Глаукома, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясында зәр шығарудың бұзылуы, препарат компоненттеріне  жоғары сезімталдық, мөлдір қабықтың синихиясы, кератоконус.

Қауіпсіздік шаралары

Келесі жағдайларда сақтықпен қолдану: ойық жаралы колит, салдық илеус, гипертермия, тахикардиямен жүретін жағдайлар (тиреотоксикоз, жүрек жеткіліксіздігі, жүрекке хирургиялық араласулар), миокард инфарктісі (миокард ишемиясының күшею қаупі), гипертензия, митралды стеноз, аритмиялар. Атропиннің эзофагалды сфинктерге әсері рефлюкстің күшеюіне алып келуі мүмкін. Емдеу кезінде  жоғары зейінді және шапшаң психомоторлы реакцияны және көру дәлдігін талап ететін  көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Моноаминооксидаза тежегіштері- атропин сульфатымен бірге қолданғанда жүрек ырғағы бұзылыстарының пайда болуы. Хинин, новокаинамид- бірге қолданған кезде холинолитикалық әсердің суммациясы байқалады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Жүкті әйелдер үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қолдануға болмайды, емшек сүтіне енеді және балада тынысалу тежелуін және ұйқышылдық шақыруы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Көзішілік қысымның жоғарылауы, қабақ терісінің гиперемиясы, конъюнктива гиперемиясы және ісінуі (әсіресе, ұзақ уақыт қолданғанда), жарықтан қорқу, тахикардия, ауыздың құрғауы, ішек атониясы, іш қатуы, бас айналу, несеп іркілісі,  қуық атониясы.

Балаларда қолданылуы

Жергілікті, конъюнктива қуысына. Тамызғаннан кейін, препараттың мұрын қуысынатүспеуін болдырмас үшін, тез арада көз жасы нүктесін мұрын кеңсірігінде қысу керек.7 жастан асқан балалар: 1-2 тамшыдан күніне 2-3 рет. Емдеу курсының ұзақтығы дәрігермен анықталады.7 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.