S01EE05 Тафлупрост (Tafluprost)
Қолдану көрсеткіштері
Ашық бұрышты глаукомасы және офтальмогипертензиясы бар пациенттерде көзішілік қысым жоғары болғанда; мына пациенттерге монотерапия ретінде: - емнің бірінші желісінің препараттарына реакциясы жеткіліксіз болғанда - бірінші желідегі препараттар жақпаушылығы немесе осы препараттарға қарсы көрсетілімдері бар болғанда; бета-блокаторларға қосымша ем ретінде.
-
Клинические протоколы:
- Первичная глаукома
- Глаукома вторичная вследствие других болезней глаз
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затына немесе кез келген қосалқы затқа жоғарғы сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
• Емдеуді бастағанға дейін пациенттерге кірпіктің шамадан тыс өсуі, қабақ терісінің қараюы және нұрлы қабықта пигментацияның артуы мүмкін екендігі ескертілуге тиіс. Егер тек бір көз ғана емделсе, өмірлік гетерохромия қаупі төнуі мүмкін. • Препараттың тері бетімен бірнеше рет байланыста болған жерінде шаштың өсу мүмкіндігі бар деген болжам бар. • Афакиясы, артифакиясы бар, көзбұршағының артқы капсуласы зақымданған немесе алдыңғы камера линзасымен зақымданған пациенттерді, немесе макуланың кистоидты ісінуінің немесе ирит/увеитттің даму қаупінің факторлары анықталған пациенттерге қолданған кезде сақ болу керек. • Ауыр демікпеге шалдыққан пациенттерді емдегенде сақ болған жөн. • Препаратты тамызғаннан кейін көздің қысқа мерзімдік тұмандануы мүмкін және мұндайда емделуші көру толық қалпына келгенше автомобиль басқаруды немесе механизмдермен жұмыс жасауды кідірте тұруы тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек қызметі бұзылған науқастарды емдеу кезінде сақ болу қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр қызметі бұзылған науқастарды емдеу кезінде сақ болу қажет.
Жүктілік
Егер қажет болмаса, қолдануға болмайды (емдеудің басқа нұсқалары болмаған жағдайда).
Емізу
Препаратты қолдануға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бас ауыруы; көздің қышуы, көздің тітіркенуі, көздің ауыруы; конъюнктива/көз гипермиясы, кірпіктердің өзгеруі (кірпіктердің ұзындығы, қалыңдығы мен санының өсуі); көздің құрғауы, кірпіктер түсінің өзгеруі, көзде бөгде затты сезіну, қабақ эритемасы; көз алдының тұмандануы, көзден көп жас ағу, көз бөліністері, көру өткірлігінің азаюы; беткейлік нүктелі кератит, фотофобия, көзден жас ағудың молаюы, көрудің тұмандануы, көру өткірлігінің төмендеуі, нұрлы қабықтың жоғары пигментациясы. Жиі емес: қабақ пигментациясы, қабақтың ісінуі, астенопияконъюнктива ісінуі, көзден бөліністер бөлінуі блефарит, көздегі жайсыздықты сезіну, алдыңғы камераның қабынуы, конъюнктивалық фолликулалар; аллергиялық конъюнктивит, алдыңғы камера жасушасының қабыну реакциясы, конъюнктива пигментациясы және көзде қалыптан тыс сезім, алдыңғы камера флері, көздегі жайсыздықты сезіну, конъюнктива пигментациясы, конъюнктивалық фолликулалар – аллергиялық конъюнктивит, көзде қалыптан тыс сезім; қабақтың гипертрихозыБелгісіз: ирит/увеит, қабақ қатпарының тереңдеуі, макулярлық ісіну/кистозды макулярлық ісіну; демікпенің өршуі, диспноэ.
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.