S01ED02 Бетаксолол (Betaxolol)

Қолдану көрсеткіштері

Ашық бұрышты глаукома, көзішілік гипертензия, лазерлі трабекулопластикадан кейінгі жағдай.Клиникалық хаттама:   1. Біріншілік глаукома
    Клинические протоколы:
  1. Первичная глаукома

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, синусты брадикардия, кардиогенді шок, айқын жүрек жеткіліксіздігі, мөлдір қабық дистрофиясы.

Қауіпсіздік шаралары

Бронх демікпесінде, бронхообструктивті синдроммен созылмалы бронхитте ұсынылмайды. Дамушы тиреотоксикозға күдіктенген пациенттер ерекше көңіл бөлуді қажет етеді, β–адреноблокаторларды күрт тоқтатпау ұсынылады, себебі бұл тиреоуытты криз дамуына алып келуі мүмкін. Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттерді ауру жағдайының нашарлауы немесе жағымсыз реакциялар байқалуына мұқият бақылау қажет. Жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасуды болдырмау. Тамызғаннан кейін көрудің уақытша бұзылуы немесе басқа да визуальді мазасыздық дамуы мүмкін, ол автокөлік немесе басқа қауіптілігі жоғары механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Жергілікті бета-адреноблокаторлар катехоламин-азайтқыш препараттар (мысалы, резерпин), аритмияға қарсы (амиодаронды қоса), гликозидтер, адренергиялық психотропты заттармен бірге - гипотензияға және/ немесе айқын брадикардияға алып келетін, аддитивті әсер байқалуы мүмкін.Пероральді бета-адреноблокаторлар - көзішілік қысымның қосымша төмендеуі.Адреналин - адреналинге реакцияның төмендеуі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету қажет емес.

Жүктілік

Егер ана үшін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болғанда.

Емізу

Қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: көздегі жайсыздық, бас ауыруы.Жиі: анық көрмеу, жас ағудың артуы, көзде бөгде затты сезіну.Жиі емес: кератит, конъюнктивит, блефарит, блефароспазм, көру өткірлігінің төмендеуі, көру бұзылыстары, жарықтан қорқу, көздің құрғауы, көздің қышуы, астенопия.Сирек: катаракта, көру бұзылыстары, гипотензия, үрей, либидоның төмендеуі, депрессия.

Балаларда қолданылуы

Балаларда қолдану ұсынылмайды, тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.