S01EA05 Бримонидин (Brimonidine)

Қолдану көрсеткіштері

Ашық бұрышты глаукомасы бар немесе көзiшiлік гипертензиясы бар пациенттерде жоғары көзiшiлік қысымын төмендету үшін; жергілікті тағайындалатын бета-блокаторлары препараттарын қолдануға болмайтын пациенттерде монотерапия ретінде; глаукомаға қарсы препараттармен монотерапия кезінде көзiшiлік қысымды талапқа сай төмендетуге болмайтын пациенттерде көмекші ем ретінде.
    Клинические протоколы:
  1. Первичная глаукома
  2. Глаукома вторичная вследствие других болезней глаз
  3. Кератит

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе қандайда бір қосымша затына жоғары сезімталдық;

Қауіпсіздік шаралары

Депрессиямен, ми немесе коронарлық қан айналымы бұзылған және ортостатикалық гипотензиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдануы керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Агомелатин - ОЖЖ күйзеліске ұшыратады; Амлодипин, Амисульприд, Амиодарон, Бисопролол, Бромокриптин - гипотония қаупін арттырады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

 Сақтықпен қолданған жөн.

Бауыр жеткіліксіздігі

 Сақтықпен қолданған жөн.

Жүктілік

 Ұсынылмайды.

Емізу

 Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: ауыз құрғақтығы, көз гиперемиясы, транзиторлық болып табылатын көзді шымылдатып күйдіру/шаншу, бас ауыруы, ұйқышылдық, көздің шырышты қабығының тітіркенуі (аллергиялық реакцияларды қоса – гиперемия, күйдіру, шаншу, қышу, бөгде затты сезіну, конъюнктивит), көз алдының бұлыңғырлануы, әлсіздік (шаршағандық сезімі);Жиі: дәмді сезінудің бұзылуы, бас айналу, жергілікті тітіркену реакциялары (қабақтың гиперемиясы және оның ісінуі, блефарит, конъюнктиваның ісінуі, көздің ауруы), жарықтан қорқу; мөлдір қабықтың эрозиясы және боялуы, көз құрғақтығы, көрудің бұзылуы, астения;Сирек: пульстің жиі соғуы, аритмия (брадикардия мен тахикардияны қоса), мұрынның шырышты қабығының құрғақтығы, диспноэ, депрессия;Өте сирек: синкопе, ирит (алдыңғы увеит); миоз, гипертензия, гипотензия, инсомния.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.