S01AD03 Ацикловир (Aciclovir)
Қолдану көрсеткіштері
1 немесе 2 типті Herpes simplex вирусынан туындаған герпестік кератитте |
-
Клинические протоколы:
- Кератит
Қарсы көрсеткіштері
Ацикловирге немесе валацикловирге аса жоғары сезімталдық |
Қауіпсіздік шаралары
Емдеу
неғұрлым ерте басталса (инфекцияның алғашқы белгілерінде), емдеу тиімділігі
соғұрлым жоғары болады. Пациенттер препаратты көзге арналған жақпамайды қолданған кезде жанаспалы линзаларды тағудан аулақ болу керек. Жаққаннан кейін қысқа мерзімді жеңіл күйдіріп ашыту сезімі болу мүмкіндігі туралы пациенттерге хабарлау керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Клиникалық
маңызды өзара әрекеттесулері анықталған жоқ. Басқа офтальмологиялық препараттармен бір мезгілде қолданғанда жағулар арасында 15 минуттық аралықты ұстану керек. Көзге арналған жақпамайды әрқашан соңғы кезекте қолдану керек. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Деректер жоқ |
Бауыр жеткіліксіздігі
Деректер жоқ |
Жүктілік
Жүктілік кезінде препаратты қолдану анасын емдеудің ықтимал пайдасы шаранаға ықтимал қауіптен асқан жағдайда мүмкін. |
Емізу
Шектеулі клиникалық деректер жүйелі енгізуден кейін препараттың емшек сүтіне енетінін көрсетті. Алайда, ацикловирдің көзге арналған жақпамайын анасы қолданғаннан кейін емшек еметін баланың алатын дозасы шамалы болады. |
Жағымсыз әсерлері
Өте
жиі - емді тоқтатуды талап етпейтін және салдарсыз жоғалып кететін беткейлік нүктелік кератопатия; Жиі - жаққаннан кейін бірден байқалатын көздегі аздап ашытатын өтпелі сезім, конъюнктивит; Сирек - блефарит; Өте сирек - ангионевроздық ісіну мен есекжемді қоса, шұғыл типті аса жоғары сезімталдық реакциялары. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Көзге
арналған жақпамайдың ұзындығы 1 см-ге жуық жолағын конъюнктивалық қалтаның
төменгі бөлігіне әрбір 4 сағат сайын күніне 5 рет енгізеді. Жаққаннан кейін
қабақтарын жауып, жақпамай көздің беткейіне таралатындай етіп көзді айналдыру
керек. Кератит жазылғаннан кейін емдеуді кемінде 3 күн бойы жалғастыру керек. Жаққан кезде сықпа ұштығының көзге немесе бет терісіне жанасуын болдырмаған дұрыс. |
Балаларда қолданылуы
Балаларды емдеу тәжірибесі жоқ. |