R06AX29 Биластин (Bilastine)

Қолдану көрсеткіштері

Аллергиялық риноконъюнктивиттің (маусымдық және жыл бойғы) және есекжемнің симптоматикалық емі.
    Клинические протоколы:
  1. Аллергический ринит
  2. Лекарственная гиперчувствительность с различными клиническими проявлениями

Қарсы көрсеткіштері

Әсер ететін затқа және кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Тек аллергендермен жанасу кезеңінде ғана қолдану. Өте сирек жағдайларда препарат ұйқышылдық шақыруы мүмкін, нәтижесінде көлік құралын басқару және механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Алкоголь - седативті әсерінің күшеюі.Кетоконазол және эритромицин - биластин концентрациясының 2-3 есе артуы, биластинмен бірігіп қолданған кезде.Дилтиазем – биластин концентрациясы 50% жоғарылайды, егер 20 мг дозадағы биластинді 60 мг дозадағы дилтиаземмен бірігіп қолданған кезде.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді. Плазмада биластин концентрациясының жоғарылау мүмкіндігіне және соның нәтижесінде оның жағымсыз әсерлері қаупінің артуына байланысты, Р-гликопротеид ингибиторларын қабылдайтын, бүйрек қызметінің орташа немесе ауыр бұзылыстары бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: ұйқышылдық, бас ауыруы, әлсіздік.Сирек: іштің ауыруы, тәбеттің жоғарылауы, жүрек айнуы, диарея, ентігу, мұрынның құрғауы, ауыз қуысының герпесі, үрейлену, ұйқысыздық, құлақтағы шуыл, бас айналуы.

Балаларда қолданылуы

12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 12 жастан асқан балалар, ішке тамақ қабылдауға дейін 1 сағат бұрын немесе тамақтан кейін 2 сағаттан соң қабылдау: 20 мг (1 таблетка) тәулігіне 1 рет.