R06AX26 Фексофенадин (Fexofenadine)

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Егде жастағы науқастарда сақтықпен қолдану керек. Фексофенадин мен антацидтер қабылдау аралығы 2 сағаттан кем болмауы тиіс.Автокөлік немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Эритромицин немесе кетоконазол - плазмадағы фексофенадин концентрациясының жоғарылауы;Алюминий немесе магний гидроксидінен тұратын антацидтер - фексофенадин биожетімділігінің төмендеуі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

120 немесе 180 мг дозаларын сақтықпен қолдану.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану, ұсынылған доза 60 мг күніне 1 рет.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: бас ауруы, ұйқышылдық, бас айналуы, жүрек айнуы.Жиі емес: жоғары шаршағыштық, ұйқысыздық, жоғары тітіркенгіштік, ұйқының бұзылуы немесе ерекше түстер көру (шатасқан түстер), тахикардия, жүректің қатты соққанын сезіну, диарея.Сирек: экзантема, есекжем, қышыну, Квинке ісінуі, кеуденің басылу сезімі, демікпе, беттің қызаруы және жүйелі анафилактикалық реакциялар.

Балаларда қолданылуы

Созылмалы идиопатиялық есекжем.12 жастан асқан балалар, ішке: ұсынылған тәуліктік доза 60 мг күніне 2 рет немесе 120 мг немесе 180 мг  күніне 1 рет.12 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.