R06AE09 Левоцетиризин (Levocetirizine)
Қолдану көрсеткіштері
Аллергиялық ринитті (оған қоса тұрақты аллергиялық ринит) және есекжемді симптоматикалық емдеу.
-
Клинические протоколы:
- Аллергический ринит
- Крапивница
- Лекарственная гиперчувствительность с различными клиническими проявлениями
- Врожденный буллезный эпидермолиз
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез келген компонентіне немесе пиперазин туындыларына жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Несепті кідіртуге бейім ететін факторлары (мысалы, жұлын хордасының зақымдануы, қуық асты безінің гиперплазиясы) бар пациенттер сақтықпен қабылдауы тиіс, өйткені левоцетиризин несептің іркілуінің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Құрамында лактозаның болуына байланысты, галактозаны көтере алмаушылығы, Lарр лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер препаратты қабылдамағандары жөн.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Цетиризинді немесе левоцетиризинді және алкогольді немесе ОЖЖ қызметін төмендететін басқа дәрілерді бір мезгілде қолдану сезімтал пациенттерде орталық жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің (креатинин клиренсі 10 мл/мин төмен) ауыр түрі кезінде қарсы көрсетілген. Орта және ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар егде жастағы пациенттерге дозаны түзету ұсынылады. Бүйрек қызметінің бұзылысы бар пациенттерге арналған дозаны түзету үшін дәрілік препараттың нұсқаулығына жүгініңіз.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозасын реттеу ұсынылады.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Бас ауыру, ұйқышылдық, ауыздың құрғауы, шаршау; асқын сезімталдық, соның ішінде анафилаксия, ангионевроздық ісіну, бөртпе, қышыну, есекжем; тәбеттің артуы, жүректің айнуы, құсу; агрессия, қозу, елестеулер, депрессия, ұйқысыздық, суицидтік ойлар, құрысулар, парестезиялар, бас айналу, естен тану, тремор, дисгезия, көрудің нашарлауы, көрудің бұлдырауы; жүректің қағуы, тахикардия; ентігу; гепатит; дизурия, несептің кідіруі; бұлшықеттің ауыруы; ісіну; дене салмағының артуы, бауыр функциясының бұзылуы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ішке. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға күнделікті доза 5 мг құрайды. 6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 6 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін балаларға доза пациенттің бүйрек клиренсін және дене салмағын ескере отырып, жекеше негізде түзетілуі керек.