R06AE07 Цетиризин (Cetirizine)

Қолдану көрсеткіштері

Аллергияны симптоматикалық емдеу: пішен қызбасы, созылмалы идиопатиялық есекжем.
    Клинические протоколы:
  1. Иерсиниоз
  2. Псевдотуберкулез
  3. Рожа
  4. Хронический вирусный гепатит С у взрослых
  5. Трихинеллез
  6. Дерматофитии
  7. Инфекционный мононуклеоз
  8. Листериоз
  9. Паротитная инфекция
  10. Цистный эхинококкоз (печени) у взрослых
  11. Адгезивный средний отит
  12. Полип голосовой складки и гортани
  13. Стеноз гортани
  14. Стеноз трахеи
  15. Атопический дерматит
  16. Атопический дерматит у детей
  17. Болезнь Дюринга. Дерматит герпетиформный
  18. Контактный аллергический дерматит
  19. Крапивница
  20. Красный плоский лишай
  21. Лекарственная гиперчувствительность с различными клиническими проявлениями
  22. Панникулиты
  23. Псориаз
  24. Пузырчатка
  25. Розовый лишай Жибера
  26. Токсикодермия
  27. Другие неинфекционные гастроэнтериты и колиты (педиатрия)
  28. Эксфолиативный хейлит
  29. Врожденный буллезный эпидермолиз
  30. Ангионевротический отек
  31. Хроническая интоксикация сероводородом

Қарсы көрсеткіштері

Цетиризинге, препараттың басқа компоненттеріне, гидроксизинге аса жоғары сезімталдық, жедел порфириялар, тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы.

Қауіпсіздік шаралары

Орташа және ауыр дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде; 65 жастан асқан науқастарда; орталық жүйке жүйесіне тежеуші әсер көрсететін дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану кезінде сақ болу қажет. Кейбір пациенттерде препаратпен ұзақ уақыт емделу ауыздың құрғауы себебінен кариестің даму қаупін арттыруы мүмкін, сондықтан препаратпен емдеу кезінде ауыз қуысының мұқият гигиенасы қажет. Препарат алкогольдің әсерін күшейтуі мүмкін, сондықтан препаратты қабылдау кезінде алкогольді пайдаланудан бас тарту ұсынылады. Көлік құралдарын жүргізушілер және мамандықтары жоғары зейін қоюмен байланысты адамдар жұмыс істеу барысында сақтықпен қолдануы қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ритонавир (тәулігіне екі рет 600 мг) және цетиризин (күніне 10 мг) - цетиризин әсерінің жоғарылауы.Гепарин - цетиризин гепариннің антикоагулянттық әсерін әлсіретеді.Азиластин, алпразолам, бупренорфин, галоперидол, гидроксизин, диазепам, дроперидол, золпидем, флуразепам, кветиапин, флуфеназин, клозапин, трифлуоперазин, тиоридазин, фенобарбитал, фентанил, темазепам, рисперидон, пропофол, ремифентанил, прометазин, перфеназин, кодеин, лоразепам, оланзапин, оксазепам, мидазолам, хлорпромазин, хлордиазепоксид, эстазолам - депримацияның (өзара) күшеюі және психомоторлық реакциялар жылдамдығының төмендеуі.                          Наркоздан кейінгі кезеңде, метогекситал, кетамин, изофлуран, энфлуран - депримацияның (өзара) күшеюі және психомоторлық реакциялар жылдамдығының төмендеуі.                                                                        Этанол - депримацияның (өзара) күшеюі және психомоторлық реакциялар жылдамдығының төмендеуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 30-50 мл/мин жоғары болғанда ұсынылатын дозаның жартысын қолдану, 10-30 мл/мин - ұсынылатын дозаның жартысын және қабылдау күндерін алмастыру, 10 мл/мин төмен - қолданбау.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету бауыр және бүйрек қызметінің бір мезгілдегі бұзылысы бар пациенттерге ғана қажет.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес: бас ауыруы, несептің іркілуі, ауыздың құрғауы, көрудің бұлыңғырлануы, ажитация, ұйқышылдық және асқазан-ішек бұзылыстары.Сирек: гипотензия, жүрек соғуының жиілеуі, аритмия, бас айналуы, сананың шатасуы, депрессия, ұйқының бұзылуы, тремор, құрысулар, аса жоғары сезімталдық реакциялары (бронх түйілуі, Квинке ісінуі, анафилаксиялар, бөртпе және реакциялардың жарыққа сезімталдығын қоса), қан аурулары, бауыр қызметінің бұзылуы және жабық бұрышты глаукома.

Балаларда қолданылуы

Таблеткалар. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне екі рет 5 мг. 12 жас және одан асқан балалар: тәулігіне бір рет 10 мг. Ішке қабылдауға арналған тамшылар: қолданар алдында тамшыларды аз мөлшердегі сумен сұйылту керек. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: күніне 2 рет 2,5 мг (5 тамшы). 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: күніне 2 рет 5 мг (10 тамшы). 12 жас және одан асқан балалар: күніне бір рет 10 мг (20 тамшы). Егер бұл симптомдардың қанағаттанарлық бақылауына алып келсе, 10 тамшыдан тұратын бастапқы дозаны ұсынуға болады. 2 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.                                                                          Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.