R05CB15 Эрдостеин (Erdosteine)

Қолдану көрсеткіштері

Созылмалы брохиттің өршуі кезіндегі симптоматикалық ем.
    Клинические протоколы:
  1. Острый бронхит у взрослых

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Қауіпсіздік шаралары

Жөтелге қарсы препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды, себебі бронхта сұйық сөл жиналуы және  суперинфекция немесе бронхтың түйілуінің даму қауіпі артуы мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Маңызды дәрілік өзара әрекеттесулер байқалмаған.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Криатинин клиренсі < 25 мл/мин болған жағдайда тағайындалмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің бұзылуында (мысалы, сілтілік фосфатаза немесе трансаминаза және т. б. жоғары деңгейдегі  жағдайда,   сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік

  Ұсынылмайды.

Емізу

  Ұсынылмайды.

Жағымсыз әсерлері

Сирек: егде жастағыларда жүрек айнуы, диарея, эпигастрия  тұсындағы ауыру, құсу, бас ауыруы,аллергиялық реакциялар: терінің қызаруы, есекжем, гиперпирексия, эритема, қышыну, экзема.Емді бастаған кезде өте сирек: агевзия (дәм сезудің жоғалуы- ем басталған кезде уақытша) немесе дисгевзия (дәм сезудің өзгеруі), ауыздың кебуі.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.