R05CB01 Ацетилцистеин (Acetylcysteine)
Қолдану көрсеткіштері
Қақырықтың түзілуі және шығарылуының бұзылыстарымен қатар жүретін бронх және өкпенің жедел және созылмалы ауруларының секретолитикалық емі.
-
Клинические протоколы:
- Хроническая интоксикация фтором и соединениями фтора
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Дефицит альфа-1-антитрипсина у детей
- Муковисцидоз
- Бронхоэктатическая болезнь у детей
- Интерстициальная болезнь легких у детей
- Острый бронхит у взрослых
- Острый и хронический синусит (у взрослых и у детей)
- Пневмокониоз
- Пневмония у взрослых (внебольничная пневмония)
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
- Болезнь Шегрена
- Болезнь Гиршпрунга у детей
- Врожденные пороки развития легких у детей
- Отравление лекарственными средствами, медикаментами и биологическими веществами (взрослые и дети)
- Токсическое действие веществ, преимущественно немедицинского значения (взрослые и дети)
- Хроническая интоксикация фосфором и его соединениями
- Рак мочевого пузыря
Қарсы көрсеткіштері
Ацетилцистеинге немесе препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық; лактоза және галактозаны көтереалмаушылық; глюкоза- галактоза мальабсорбция синдромы; өкпеден қан кету, қан түкіру; асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы.
Қауіпсіздік шаралары
Бүйрек үсті бездерінің аурулары, артериялық гипертензиясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау қажет.Ішке қабылдағанда құсу шақыратындықтан, асқазан- ішек жолынан қан кету қаупі (мысалы, белсенді емес түріндегі пептикалық ойық жара, өңеш тамырларының варикозында) бар пациенттерде сақтықпен қолдану.Бронхоспазм даму қаупіне байланысты бронх демікпесі бар пациенттерге сақтықпен қолдану қажет.Стивенс-Джонсон синдромы және Лайелл синдромына дейін, ауыр терілік реакциялар даму мүмкін, алғашқы белгілері кезінде қолдануды тоқтату қажет.Гистаминді көтереалмаушылығы бар пациенттерге препаратты қысқа мерзімдік курспен ғана қабылдау керек, өйткені өз гистаминнің метаболизміне әсер етуіне байланысты көтереалмаушылық (мысалы, бас ауыруы, тұмаурату, қышыну) симптомдары пайда болуы мүмкін.Қақырықтың сұйылуына және оның мөлшерінің ұлғаюына байланысты жеткіліксіз жөтел рефлексі кезінде постуральді дренаж немесе аспирация қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Маңызды дәрілік өзара әрекеттесулер анықталмаған.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қолдануға болмайды.
Емізу
Қолдануға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі емес: қышыну, терілік бөртпе, бронхоспазм, Квинке ісінуі, қызба, ринорея, тахикардия, артериялық гипотензия, бас ауруы, құлақтағы шуыл, стоматит, іштің ауруы, диарея, құсу,қыжыл және жүрек айнуы.Сирек: ентігу, бронхоспазм, ұйқышылдық; тырысулар, анемия, қан құйылулар, гемоперикард.
Балаларда қолданылуы
Ішке, тамақтан кейін. Таблетканы суға алдын ала еріту.2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: тәулігіне 2-3 рет қабылдауға бөлінген 200-300 мг; 6 жастан 14 жас: тәулігіне 2 рет қабылдауға бөлінген 400 мг; 14 жастан асқан балалар: тәулігіне 2-3 рет қабылдауға бөлінген 400- 600 мг.2 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.