R03BB05 Аклидиний бромиді (Aclidinium bromide)
Қолдану көрсеткіштері
Ересек пациенттерде өкпенің созылмалы обструктивтік ауруларының симптомдарын жеңілдету мақсатындағы қолдаушы бронходилатациялаушы терапия.
Қарсы көрсеткіштері
Аклидиний бромидіне, атропин және оның туындыларына (ипратропий бромиді, тиотропий бромиді) немесе лактозаға жоғары сезімталдық; галактозаны көтереалмаушылық, лактазаның жетіспеушілігі немесе глюкоза-галактозалық мальабсорбция.
Қауіпсіздік шаралары
Препарат демікпе кезінде қолданылмауы тиіс, себебі демікпе кезінде аклидиний бромидіне клиникалық зерттеулері жүргізілмеген. Басқа да ингаляциялық терапия кезіндегідей, аклидиний бромидін қолдану парадоксалды бронхоспазмдарды туғызуы мүмкін. Егер осындай жағдай орын алса, онда аклидиний бромидімен емдеуді тоқтату және басқа терапия мүмкіндігін қарастыру керек. Антихолинергиялық әсерінің болуына байланысты аклидиний бромидін жабық глаукомаға (препараттың көзге тікелей жанасу ықтималдығының аздығына қарамастан) шалдыққан, қуықалды безінің гиперплазиясы және қуық мойнының обструкциясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Пациенттер жабық бұрышты глаукоманың жіті ұстамасының белгілері мен симптомдары және препаратты қолдануды тоқтату қажеттілігі және олар пайда болған жағдайда дәрігерге қаралу туралы хабардар болуы тиіс.Препарат шұғыл терапия құралы ретінде қолданылмауы тиіс.Көлік құралдары, басқа да механизмдерді басқару кезінде, сондай-ақ жоғары зейін қою және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қауіптілігі жоғары қызмет түрлерімен айналысу кезінде сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Басқа антихолинергиялық дәрілік заттармен бірге қолдану ұсынылмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді
Жүктілік
Егер ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен басым болған жағдайда ғана қолданылады.
Емізу
Қолдану ұсынылмайды
Жағымсыз әсерлері
Жиі: синусит, назофарингит, бас ауруы, жөтел, диарея, жүрек айну;Жиі емес: бас айналу, көрудің нашарлауы, тахикардия, жүрек қағысы, дисфония, ауыздың құрғауы, стоматит, бөртпелер, қышыну, зәрдің ұсталуы;Сирек: жоғарысезімталдық.Белгісіз: ангионевротикалық ісіну.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда қолдану қарсы көрсетілген, қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған.