R03BB04 Тиотропий бромиді¹ (Tiotropium bromide)

Қолдану көрсеткіштері

Демікпемен қатар жүретін, созылмалы бронхит және өкпе эмфиземасын қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) бар пациенттердің демеуші емінде.
    Клинические протоколы:
  1. Пневмокониоз
  2. Хроническая обструктивная болезнь лѐгких

Қарсы көрсеткіштері

Атропинге немесе оның туындыларына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Жабық бұрышты глаукома, қуықасты безінің гиперплазиясы, қуық мойнының обструкциясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бронхоспазмның жедел ұстамаларының бастапқы терапиясы ретінде қолдануға болмайды. Ингаляциядан кейін жоғары сезімталдықтан дереу  реакциялары немесе бронхоспазм дамуы мүмкін. Пациенттерге капсуланы дұрыс қолдануының ережелерін түсіндіру керек. Ұнтақтың көзге түсуін болдырмау керек. Жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамалары дамуы мүмкін. Автокөлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқарудан бас тарту.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ескерту: Ингаляциялық антихолинергиялық препараттарды қолдану кезінде дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі әдетте маңызды емес, бірақ тиотропий бромидінің жоғары дозаларын қолданған кезде елеулі болуы мүмкін. Үшциклді антидепресанттарды, гистаминге қарсы препараттарды, нейролептиктерді, бензтропин, орфенадринді қоса, антихолинергиялық әсерлі дәрілік препараттар – ауыздың құрғауы, көрудің бұлдырауы, несептің кідіруі және іштің қатуы сияқты антихолинергиялық сипаттағы жағымсыз әсерлерін жоғарылатады. Ескерту: Мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Креатинин клиренсі 50 мл/ мин төмен болғанда бүйрек қызметіне мониторинг жүргізу.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету қажет емес.

Жүктілік

Жүктіліктің I триместрінде қарсы көрсетілген. Жүктіліктің II және III триместрлерінде күтілетін пайда ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен жоғары болғанда қолдануға болады.

Емізу

Қолдану қажет болған жағдайда емізуді тоқтату.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: ауыздың құрғауы (әдетте орташа).Жиі емес: бас айналуы, бас ауыруы, дәм сезудің бұзылыстары, көрудің нашарлауы, жүрекшелер фибриляциясы, гастроэзофагаельді рефлюкс, іштің қатуы, жүрек айнуы.Сирек: ұйқысыздық, глаукома, көзішілік қысымның жоғарылауы, тахикардия, суправентрикулярлы тахикардия, ісінуге дейін жоғары сезімталдық реакциялары.Маңызды!  Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.