R03AK10 Вилантерол және Флутиказон фуроаты (Vilanterol and Fluticasone furoate)
Қолдану көрсеткіштері
Бронх демікпесінің базистік емі. ҚДК1 (қарқынды дем шығару көлемі) күтілетін нормадан 70% кем өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы кезіндегі симптоматикалық ем.
-
Клинические протоколы:
- Бронхиальная астма у детей
- Хроническая обструктивная болезнь лѐгких
Қарсы көрсеткіштері
Анамнезінде сүт ақуызына ауыр аллергиялық реакциялардың болуы; әсер ететін заттарға немесе препарат құрамына кiретiн кез-келген компонентке жоғары сезiмталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Сақтықпен қолдану: - жүрек-қантамыр ауруларының ауыр түрлерінен зардап шегетін пациенттерге; - өкпе туберкулезі бар пациенттерге; - созылмалы немесе емделмеген инфекциялары бар пациенттерге.Кардиоселективті бета-адреноблокаторларды анамнезінде бронх түйілуінің көріністері байқалған пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Препаратты қабылдағаннан кейін ысқырып сырылдаудың жылдам өсуiмен бірге болатын парадоксальді бронх түйілуі дамуы мүмкiн. Мұндай жағдайда қысқа әсер ететін ингаляциялық бронходилататорды шұғыл тағайындау және препаратты дереу тоқтату көрсетілген. Галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза сіңірілуінің бұзылулары түріндегі сирек тұқым қуалайтын қиындықтары бар пациенттерге бұл дәрілік препаратты қабылдау ұсынылмайды.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бета-адреноблокаторлар - бета²-адреномиметиктер әсерінің әлсiреуі.Селективті емес және селективті бета-блокаторлар - тағайындау қатаң түрде қажет етілетін жағдайды қоспағанда, қолданбау.CYP3A4 күшті тежегіштері (кетоконазол, ритонавир) - вилантерол мен флутиказон фуроатының жүйелi әсері жоғарылауы мүмкiн, сондай-ақ препараттарды біріктіріп қолдануды болдырмау.Симпатомиметикалық дәрілік препараттар (жеке немесе біріктірілген ем құрамында) - флутиказон фуроаты/вилантерол жағымсыз реакцияларының күшеюі мүмкін. Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын жекелей таңдау талап етілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі
Ауырлығы орташа және ауыр деңгейлерінде препараттың ең жоғарғы дозасы 92 мкг/22 мкг құрайды және пациенттер глюкокортикостероидтарға жағымсыз реакциялардың дамуына бақылануда болуы керек.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолдануға болады.
Емізу
Сақтықпен қолдану.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: бас ауыруы, назофарингит. Жиі: пневмония, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, бронхит, тұмау, ауыз қуысы мен жұтқыншақ кандидозы, орофарингеальді ауыру, синусит, фарингит, ринит, жөтел, дисфония, артралгия, арқа ауыруы, сынулар, парадоксальді бронх түйілуі, бұлшықет түйілуі, іш ауыруы, қызба.Жиі емес: экстрасистолия.Сирек: жоғары сезімталдық реакциялар, бөртпе, есекжем, ангионевроздық ісіну, анафилаксияны қоса, тремор, жүрек қағуы, тахикардия, үрейлену сезімі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Ингаляционды, тәулiгіне бiр рет, белгілі бір уақытта, таңертең немесе кешке қолдану.Бронх демікпесін емдеу кезінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға препаратты ересектердің қадағалауымен қолдану ұсынылады.Бронх демікпесі. 12 жас және одан асқан балалар: Ингаляциялық глюкокортикостероидтың төмен немесе орташа дозасын талап ететін пациенттерге флутиказон/вилантеролдың бастапқы дозасы 92/22 мкг дозада.Ұзақ әсер ететін бета2-агонистерімен біріктірілімінде қолданылатын ингаляциялық глюкокортикостероидтардың жоғары дозасын талап ететін пациенттерге флутиказон/вилантеролдың 184/22 мкг дозасы тағайындалады.12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды. 12 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.Назар аударыңыз! Демікпеден зардап шегіп жүрген пациенттерге, құрамында флутиказон фуроатының өздерінің ауруларының ауырлығына сәйкес дозасы бар дозалануында тағайындалады.