R01AD12 Флутиказон фуроат (Fluticasone furoate)

Қолдану көрсеткіштері

Аллергиялық риниттің емі және алдын алу.Клиникалық хаттама:   1. Аллергиялық ринит
    Клинические протоколы:
  1. Аллергический ринит

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың қандай да бір компонентіне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Мұрын қуысындағы емделмеген инфекцияларда, өкпе туберкулезінде, хирургиялық араласуларда (жазылғанға дейін) қолдануды болдырмау керек. Ілеспелі герпес, сонымен қатар, жоғары тыныс жолдарының бактериялық инфекцияларында; мұрын қуысына жасалған операциядан кейін немесе мұрын жарақатында, сондай-ақ, мұрынның шырышты қабатының ойық жаралы зақымдануында; таблеткалар, кремдер, жақпамайлар, бронх демікпесін емдеуге арналған дәрілік заттарды қоса, кортикостероидтардың басқа да дәрілік түрлерімен бір мезгілде қолдану, ұқсас назальды немесе көзге арналған спрейлер және мұрын тамшыларымен бірге сақтықпен қолдану. Көбіне ұсынылған дозадан жоғары дозаларды пайдаланғанда немесе препаратты ұзақ қолданғанда препараттың жүйелік әсері дамуы мүмкін. Интраназальды кортикостероидтармен ұзақ уақыт ем қабылдайтын балалардың өсуін бақылау қажет; егер балаларда өсудің кідіруі байқалса, педиатр-дәрігерден кеңес алу қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ритонавир - флутиказон фуроатының жүйелік экспозициясының артуы. Бірге қолдану ҰСЫНЫЛМАЙДЫ!  Кетоконазол - флутиказон концентрациясының жоғарылауы. CYP3A4 күшті тежегіштері - бірге САҚТЫҚПЕН қолдану керек!

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігінің ауыр деңгейі бар пациенттерде препаратты қолдану бойынша деректер жоқ, флутиказон экспозициясы жоғарылауы мүмкін.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

Емізу

Қолдануды болдырмау.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: мұрыннан қан кету, бас ауыруы, мұрын шырышының жаралануы, мұрын жолы аймағында ауыру, жоғары сезімталдық, құрғақтық, күйдіру, тітіркену.Сирек: анафилактикалық реакцияларды қоса, жоғары сезімталдық реакциялары, тамырдың ісінуі, бөртпе және есекжем; глаукома; иіс пен дәм сезу бұзылыстары; мұрын қалқасының перфорациясы; асқын белсенділік, ұйқының бұзылуы, үрей, депрессия және агрессиялық мінез көбінесе балаларда тіркелген. Балаларда өсудің кідіруі байқалған.

Балаларда қолданылуы

6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: 27,5 мкг (1 бүрку) әр мұрын жолына тәулігіне бір рет, қажет болған жағдайда дозасын әр мұрын жолына тәулігіне бір рет 55 мкг (2 бүрку) дейін арттыруға болады, симптомдар бақылануға жеткенде  27,5 мкг (1 бүрку) дейін дозасын төмендету керек, әр мұрын жолына тәулігіне бір рет. 12 жастан асқан балалар: 55 мкг (2 бүрку) әр мұрын жолына тәулігіне бір рет; симптомдар бақылануға жеткенде  27,5 мкг (1 бүрку) төменгі тиімді дозаға  дейін дозасын төмендету, әр мұрын жолына тәулігіне бір рет.