R01AD01 Беклометазон (Beclometasone)
Қолдану көрсеткіштері
Аллергиялық ринитті (поллинозды қоса), вазомоторлық ринитті емдеу және алдын алу.
-
Клинические протоколы:
- Аллергический ринит
- Пневмокониоз
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттерініне жоғары сезімталдық; геморрагиялық диатез; жедел респираторлық аурулар; мұрыннан жиі қан кету; жоғары тыныс алу жолдарының кандидозы; өкпе туберкулезі.
Қауіпсіздік шаралары
Мұрын аймағында жаралану және жарақаттануы, глаукомасы бар науқастарда сақтықпен қолдану қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Бета - адреноынталандырғыштар- бірге қолданған кезде олардың әсерінің жоғарылауы.
Жүктілік
Жүктіліктің I триместрінде қарсы көрсетілген.Жүктіліктің II және III триместрлерінде ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен басым болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Қолдану қажет болған жағдайда пайда және қауіп қатынасын бағалау қажет.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: тамақ және мұрын қуысында ауыру сезімі, құрғау және тітіркену, сирегірек жоғарғы тыныс алу жолдарының және мұрын шырышты қабығының кандидозы, ринорея, жөтел, түшкіру, мұрыннан қан кету, мұрын шырышты қабығының жаралануы, мұрын аралығының перфорациясы; көзішілік қысымның жоғарылауы.Сирек: бас ауыруы, бас айналуы, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы, конъюнктива гиперемиясы, бөртпе, есекжем, бронх түйілуі, иіс сезу және дәм қабылдау өзгерістері, балаларда өсудің баяулауы (ұзақ уақыт қабылдау кезінде).
Балаларда қолданылуы
6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Интраназальді.6 жастан асқан балалар: 100 мкг (2 доза) әр мұрын жолына тәулігіне 2 рет немесе 50 мкг (1 доза) тәулігіне 3–4 рет. Жоғары тәуліктік доза 400 мкг (8 доза).