R01AA05 Оксиметазолин (Oxymetazoline)
Қолдану көрсеткіштері
Мұрын бітелуімен жүретін жедел респираторлы аурулар; аллергиялық ринит; вазомоторлық ринит; мұрын қуысы қосалқы қойнауларының аурулары кезінде дренажды және мұрын арқылы тыныс алуды қалпына келтіру үшін, евстахиитте, ортаңғы отитте; диагностикалық емшаралар алдында мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуін қайтаруда.Клиникалық хаттама: 1. Аллергиялық ринит
-
Клинические протоколы:
- Аллергический ринит
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне асқын сезімталдық; атрофиялық ринит; моноаминооксидаза тежегіштерін және артериялық қысымды жоғарылататын басқа да препараттарды қабылдайтын пациенттер; жүрек- қантамыр ауруларының ауыр түрлері (артериялық гипертензия, стенокардия, атеросклероз, тахикардия); глаукома; гипертиреоз; қант диабеті; феохромоцитома.
Қауіпсіздік шаралары
Ұзақ уақыт және препараттың артық мөлшерде қолданылуын болдырмау.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Жергілікті анестезияға арналған заттар – олардың сіңірілуінің баяулауы және әсерінің ұзаруы.Қантамырларды тарылтатын заттар (енгізу тәсіліне байланыссыз) - жағымсыз әсерлердің өзара күшеюі.Моноаминооксидаза тежегіштері (оларды тоқтатқаннан соң 14 күн аралығын қоса) және трициклді антидепрессанттар - артериялық қысымның жоғарылауы.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Емізу
Бала емізу кезеңінде ана мен бала үшін қауіп және пайда қатынасын бағалағаннан кейін қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: мұрын шырышты қабығының ашуы немесе құрғауы, ауыздың және тамақтың құрғақтығы, түшкіру.Жиі емес: бас айналуы, бас ауыруы, ұйқысыздық, шаршағыштық, жүрек айнуы, шырышты қабықтың ісінуі мен домбығуы (мұрын бітелуін сезіну), белсенді гиперемия, шырышты қабық атрофиясы, аллергиялық реакциялар (Квинке ісінуі, есекжем, қышыну).Өте сирек: жүрек қағуының жиілеуі, артериялық гипертензия, тахикардия, тахифилаксия.
Балаларда қолданылуы
Жергілікті. Тамшылар. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: 0,25 мг/мл ерітінді, әр мұрын қуысына 1-2 тамшыдан күніне 2-3 рет, 5-7 күннен артық емес. 6 жастан асқан балалар: 0,5 мг/мл ерітінді, әр мұрын қуысына 1-2 тамшыдан күніне 2-3 рет, 5-7 күннен артық емес. Спрей, 6 жастан асқан балалар: 1 бүркуден әр мұрын қуысына тәулігіне 2 рет. 1 жасқа дейінгі балаларға (тамшы үшін), 6 жасқа дейінгі балаларға (спрей үшін) қарсы көрсетілген.