N07XX02 Рилузол (Riluzole)

Қолдану көрсеткіштері

Бүйірлік амиотрофиялық склерозды емдеу.

Қарсы көрсеткіштері

Рилузолға немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттардың кез-келгеніне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Анамнезінде бауыр дисфункциясы бар пациенттерге, сондай-ақ қан сарысуында трансаминазалар деңгейінің орташа жоғарылауы байқалған пациенттерге аса сақтықпен тағайындау керек (АЛТ, АСТ қалыптың жоғары шегінен үш есе асып кету шамасына дейін, сонымен қатар билирубин және/немесе гамма-глутамилтрансфераза деңгейлерінің). Азиялық нәсілді пациенттерде үлкен қауіп болуы мүмкін. Нейтропения қаупі бар болғандықтан, пациенттерге температураның жоғарылауы, фебрильді жай-күйлері бойынша барлық жағдайлар туралы емдеуші дәрігерге хабарлау қажеттілігін ескерту керек. Құрғақ жөтел және/немесе ентігу сияқты тыныс алу бұзылыстары туындаған жағдайда өкпеге рентген-зерттеу жүргізу керек, өкпенің интерстициальді тіндерінің зақымдану белгілері расталғанда емді дереу тоқтату керек. Препаратпен емделу кезінде пациенттерге бас айналу мүмкіндігі туралы ескерту керек, сондықтан препаратпен емделу кезінде автокөлікті басқармаған немесе механизмдермен жұмыс істемеген жөн.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Р450 СУР1А2 цитохром тежегіштері (кофеин, диклофенак, диазепам, ницерголин, кломапромид, имипрамин, флувоксамин, фенацетин, теофиллин, амитриптилин, хинолондар) препарат элиминациясы жылдамдығын төмендетуі мүмкін.Р450 СУР1А2 цитохром индукторлары (мысалы, шылым түтіні, ағаш отында дайындалған тағам, рифампицин, омепразол) элиминация жылдамдығын арттыруы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Трансаминазалар деңгейі қалыптың жоғары шегінен 3 есе асқан кездегі бауыр жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: жүрек айнуы; бауыр сынамалары көрсеткіштерінің жоғарылауы; астения.                                                    Жиі: бас ауыруы, бас айналуы, периоральді парестезия, ұйқышылдық; тахикардия; құсу, диарея, абдоминальді ауырулар, ауырсыну сезімі.Жиі емес: анемия; анафилактикалық реакциялар, ангиоедемалар; өкпенің интерстициальді аурулары; панкреатит.Жиілігі белгісіз: нейтропенияның ауыр түрі, гепатит.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.