N07CA02 Циннаризин (Cinnarizine)

Қолдану көрсеткіштері

Шығу тегі қантамырлық лабиринттік және вестибулярлық бұзылыстарды симптоматикалық емдеу, Меньер ауруы, кинетоздардың алдын алу және емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Неревматические поражения митрального клапана у детей
  2. Пролапс митрального клапана у детей

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді немесе кез-келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық, эритематозды қызыл жегі.

Қауіпсіздік шаралары

Паркинсон ауруынан зардап шегетін пациенттерге, циннаризинді, тек оның артықшылықтары жағдайдың нашарлау мүмкіндігі қаупінен асатын болса ғана тағайындау керек.                                                 Жедел порфирия кезінде қабылдауды болдырмау.                                                                                            Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Алкоголь және ОЖЖ қызметін тежейтін заттар, немесе трициклді антидепрессанттар - аталған кез келген дәрілік заттың немесе препараттың седативті әсерінің күшеюі.                                    Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар: ұйқышылдық, гиперсомния, летаргия, дискинезия, экстрапирамидалық бұзылыстар, паркинсонизм, тремор, егде жастағы науқастарда циннаризинді ұзақ қолданғанда экстрапирамидалық бұзылыстар, депрессия болуы мүмкін.Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылыстар: жүрек айнуы, асқазандағы жайсыздық, құсу, іштің ауыруы, диспепсия, ауыздың құрғауы.Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылыстар: гипергидроз (шамадан тыс тершеңдік), лихеноидты кератоз, қызыл жалпақ теміреткі, терінің жеделдеу қызыл жегісі (лихен планус және лупус-тәрізді тері симптомдары).Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндері тарапынан бұзылыстар: бұлшықеттің сіресуі, шаршағыштық.                                          Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Вестибулярлы бұзылыстар. 12 жастан асқан балалар: 1 таблеткадан күніне 3 рет. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: ересектерге арналған дозаның жартысы ұсынылады. Дозасы ұсынылған дозалардан аспауы керек. Тербелу. 12 жастан асқан балалар: саяхатқа дейін 2 сағат бұрын 1 таблеткадан, әрі қарай жол бойы әрбір 8 сағат сайын 1/2 таблеткадан. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: ересектерге арналған дозаның жартысы ұсынылады. 6 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.