N07BB04 Налтрексон¹ (Naltrexone)

Қолдану көрсеткіштері

Апиындар өзіне тән әсерін бермейтін, науқас жағдайын демеу мақсатымен апиындық нашақорлықты кешенді емдеу; пациенттердегі алкоголизмді емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Психические и поведенческие расстройства, вызванные употреблением опиоидов
  2. Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит

Қарсы көрсеткіштері

Препаратқа жоғары сезімталдық; есірткілік анальгетиктерді қолдану; апиынға тәуелділік; несепте апиындардың болуына тесттің оң нәтижесі; апиындық абстинентті синдром;  налоксонмен өршіту сынамасын жүргізу жөнінде деректердің болмауы; жедел гепатит немесе бауыр функциясының жетіспеушілігі; бүйрек функциясының ауыр жетіспеушілігі; 18 жасқа дейінгі балалар; жүктілік және лактация кезеңі.

Қауіпсіздік шаралары

Препаратқа жоғары сезімталдық; есірткілік анальгетиктерді қабылдау; апиындық тәуелділік; несепте апиындардың болуына оң сынама; апиындық абстинентті синдром; налоксонмен өршіту сынамасын жүргізу жөнінде деректердің жоқ болуы.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Апиындық және апиындық емес анальгетиктер - анальгетиктер тиімділігінің төмендеуі.Дисульфирам - препараттар гепатоуыттылығының күшеюі.Тиоридазин - летаргия және ұйқышылдықтың дамуы.Гепатоуытты заттар - бауыр қызметі бұзылысының дамуы қаупі. Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр сатысында қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Бауыр қызметінің елеулі бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: ұйқының бұзылуы, үрей, күйгелектік, шаршағыштық, ашушаңдық, аффективті бұзылыстар, бас айналуы, мазасыздық; жүрек қағуы, тахикардия, ЭКГ-дағы өзгерістер, артериялық қысымның жоғарылауы; іштің ауыруы, жүректің айнуы және құсу, диарея, іш қатуы; эритема, ауыру, тығыздану, ісіну, қышыну; миалгия, артралгия, эректильді дисфункция, ретардирленген эякуляция, шөлдеу, қалтырау, гипербелсенділік, гипергидроз.Сирек: либидо бұзылуы, депрессия, паранойя, қозу, сананың шатасуы, бағдардың бұзылуы, елестеулер, қорқынышты түстер көру, ерекше түстер көру; аномальді ЭКГ, синусты түйін қызметінің бұзылуы; тәбеттің жоғарылауы, гепатит, қандағы билирубиннің жоғарылауы, бауырдың функционалдық сынамаларының ауытқуы; мұрын бітелуі, ринорея, түшкіру, тамақтың ауыруы, қақырық бөлінуінің жоғарылауы, тыныс алудың қиындауы, дауыстың қарлығуы, жөтел, синусит, ауыздың құрғауы, мұрыннан қан кету; көру жітілігінің төмендеуі, көздің тітіркенуі, жарықтан қорқу, көздің домбығуы, көздің ауыруы, көздің кернеуі.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.