N07AA01 Неостигмин бромиді¹ (Neostigmine)
Қолдану көрсеткіштері
Миастения, жедел миастениялық криз, ми жарақатынан кейінгі қимыл-қозғалыстың бұзылуы, салданулар, менингитпен, полиомиелитпен, энцефалитпен ауырғаннан кейінгі қалпына келу кезеңі, невриттер, көру жүйкесінің атрофиясы, ішек атониясы, қуық атониясы, деполяризациялайтын миорелаксанттармен жүйке-бұлшықет блокадасынан кейін қалдық көріністерді жою.
-
Клинические протоколы:
- Гастродуоденальный стеноз
- Гастродуоденальное кровотечение
- Болезнь Гиршпрунга у детей
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың әсер етуші затына немесе басқа да компонентеріне жоғары сезімталдық, эпилепсия, гиперкинездер, ваготомия, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, аритмиялар, брадикардия, бронх демікпесі, айқын атеросклероз, тиреотоксикоз, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, перитонит, ас қорыту жолының және несеп шығару жолдарының механикалық обструкциясы, қуықасты безінің дизуриямен жүретін гипертрофиясы, инфекциялық аурулардың жедел кезеңі, кенеттен әлсіреген балалардағы уыттану, деполяризациялайтын миорелаксанттармен бір мезгілде қолдану.
Қауіпсіздік шаралары
Ішекке және қуыққа операция жасалған науқастарға, паркинсонизмі бар науқастарға аса сақтықпен тағайындаған жөн. Препаратты бір еккіште сілтілік ерітінділермен және тотықтырғыштармен араластырмаған жөн, себебі бұл оның бұзылуына алып келеді.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Деполяризациялайтын бұлшықет релаксанттары (суксаметоний йодиді және басқа) - фармакологиялық тұрғыда үйлеспейді, себебі тікелей өзара әрекеттескенде суксаметоний йодидінің әсері күшейеді.М-холиноблокаторлар (атропин, гоматропин гидробромиді, платифиллин және басқа), ганглиоблокаторлар (пахикарпин гидройодиді), хинидин, новокаинамид, жергілікті анестетиктер - неостигмин әсерінің әлсіреуі. Трициклді антидепрессанттар, құрысуға қарсы және паркинсонға қарсы заттар - неостигминнің әлсіреуі мүмкін.Жоғары дозадағы цианокобаламин - неостигмин әсерінің әлсіреуі.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Жүктілік
Ана үшін пайда ұрық үшін қауіптен асатын жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Емізу
Ұсынылмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: бронх секрециясының күшеюі, гиперсаливация, жүрек айнуы, құсу, диарея, асқазанның спастикалық жиырылуы, ішек перистальтикасының күшеюі, метеоризм, нәжістің ішектен еріксіз шығуы, жоғары тершеңдік, ыстықты сезіну.Жиі емес: несеп шығарудың жиілеуі, несептің еріксіз шығуы, миоз, көрудің нашарлауы, көзден жас ағу, артралгия.Сирек: аритмия, бради немесе тахикардия, атриовентрикулярлы блокада, түйінді ырғақ, ЭКГ-да спецификалық емес өзгерулер, жүректің тоқтауы, артериялық қысымның төмендеуі, бас ауыруы, бас айналуы, сананың жоғалуы, әлсіздік, ұйқышылдық, тремор, құрысулар, тіл және көмей бұлшықеттерін қоса, қаңқа бұлшықеттерінің түйілуі және тартылуы, аяқтардың ұюы, дизартрия, ентігу, тыныстың тоқтауына дейін тыныс тарылуы, бронх түйілуі, бөртпелер, қышыну, гиперемия, есекжем, анафилактикалық шокты қоса, аллергиялық реакциялар.
Балаларда қолданылуы
Тек стационарлық жағдайда! Балалар: күніне 0,05 мг (0,1 мл 0,05% ерітінді) өмірінің 1 жылына, бірақ 3,75 мг (0,75 мл 0,05% ерітінді) артық емес.