N06DX01 Мемантин (Memantine)

Қарсы көрсеткіштері

Әсер ететін затқа және препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Эпилепсиясы бар науқастарға, анамнезінде құрысу көріністері бар пациенттерге, сондай-ақ құрысу дамуының қауіп факторлары бар пациенттерге препаратты тағайындау кезінде сақ болу. Амантадин, кетамин немесе декстрометорфан сияқты N-метил-D-аспартат (NMDA)-антагонистерін бір мезгілде қолдануды болдырмау. Жақын арада миокард инфарктісін өткерген пациенттерде, компенсацияланбаған іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (Нью-Йорктік кардиологиялық қауымдастығының III-IV дәрежедегі классификациясына сәйкес) немесе бақыланбайтын гипертензиясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Көлік құралын жүргізу және жарақат алу қаупімен байланысты жұмысты орындау кезінде сақ болу керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Барбитураттар және нейролептикалық заттар - бұл препараттар әсерінің әлсіреуі.Спазмолитикалық заттар, дантролен немесе баклофен - олардың әсерінің өзгеруі, бұл дозаны түзетуді қажет етуі мүмкін.Амантадин - фармакоуытты психоздың даму қаупі.Циметидин, ранитидин, прокаинамид, хинидин, хинин және никотин - қан плазмасында бұл препараттар концентрацияларының жоғарылау қаупі.Гидрохлоротиазидпен немесе оның кез келген біріктірілімімен - қан сарысуында гидрохлоротиазид концентрациясының төмендеуі.Антикоагулянттар - халықаралық қалыптастырылған қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр қызметінің айқын бұзылуы кезінде қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: препаратқа аса жоғары сезімталдық, бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық, тепе-теңдіктің бұзылуы, артериялық гипертензия, ентігу, іш қатуы, бауыр қызметі сынамасының жоғары көрсеткіштері.Жиі емес: зеңдік инфекциялар, сананың шатасуы, мазасыздық, жоғары қозғыштық, ұйқысыздық, шаршағыштық, елестеу (елестеулер, негізінен Альцгеймер ауруының ауыр ағымы бар пациенттерде байқалған), жүрістің бұзылуы, көзішілік қысымның жоғарылауы, жүрек жеткіліксіздігі, көктамырлық тромбоздар/тромбоэмболия, тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ағзалары функциясының бұзылуы, құсу.Өте сирек: құрысу ұстамалары.Жиілігі белгісіз: Альцгеймердің психоздық реакциялары, панкреатит.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.