N06AX16 Венлафаксин¹ (Venlafaxine)

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық, жүрек- қантамыр бұзылыстары (аритмиялардың жоғары қаупі, бақыланбайтын артериялық гипертензия).

Қауіпсіздік шаралары

Анамнезінде жабық бұрышты глаукомаға, мания/ гипоманияға, тырысуларға бейім егде жастағы пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Суицидтік ойлар, өзіне зиян келтіру және суицид қаупімен байланысты депрессия қаупі бар пациенттерді тұрақты бақылау қажет. Теріден және шырышты қабаттардан қан кетулерге бейім, соның ішінде антикоагулянттар және тромбоциттер тежегіштерін қабылдайтын науқастарды емдеуде сақтықпен қолдану керек. Ұзақ терапия кезінде сарысудағы холестерин деңгейін тұрақты өлшеп тұру қажет. Препаратты қолдану кезіндегі ауыздың құрғауы кариес пайда болу қаупін арттырады, пациенттерге ауыз қуысы гигиенасының маңыздылығы туралы хабардар ету керек. Препаратты кенеттен тоқтатуды болдырмау керек, кенет тоқтатқан кезде жүрек айнуы, құсу, бас айналуы, қозу, үрейлену, бас ауыруы мүмкін, осыған байланысты дозасын бірнеше апта аралығында төмендету керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

МАО тежегіштері - серотонинді синдром даму қаупі, бірге қолдану ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛГЕН! Венлафаксинді қабылдауды МАО тежегіштерімен терапия аяқталған соң 14 күннен кем емес уақытта бастауға болады. Алкоголь және ОЖЖ тежейтін заттар - венлафаксинмен бірге қолданған кезде САҚ БОЛУ керек. QT интервалын ұзартатын дәрілер - QTc интервалын ұзарту және/ немесе қарыншалық аритмиялар қаупі. CYP3A4 тежегіштері - венлафаксин концентрациясының жоғарылауы, бірге САҚТЫҚПЕН қолдану! Литий - серотонинді синдром даму қаупі.  Метопролол - қан плазмасында метопролол концентрациясының жоғарылауы, бірге САҚТЫҚПЕН қолдану.

Бүйрек жеткіліксіздігі

ШСЖ 30-дан 70 мл/мин аралығында сақтықпен қолдану керек. Гемодиализ қажет пациенттер, және ШСЖ 30 мл/ мин төмен пациенттерде дозасын 50% төмендету керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ауырлық дәрежесі орташа болғанда тәуліктік дозаның жартысын немесе одан төмен дозаны тағайындайды. Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген (протромбиндік уақыт 18 сек жоғары).

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас ауыруы, бас айналуы, жүрек айнуы, ауыздың құрғауы, тершеңдік (соның ішінде түңгі уақытта).Жиі: тәбеттің төмендеуі, абыржу жағдайы, деперсонализация, аноргазмия, жыныстық құштарлықтың төмендеуі, ашушаңдық, ұйқысыздық, ерекше түстер көру, ұйқышылдық, қалтырау, парестезия, гипертония,  көрудің нашарлауы, құлақтағы шуыл, жүрек қағысы,  гипертензия, қан тамырларының кеңеюі (жиі қызару ретінде), есінеу, құсу, диарея, іштің қатуы, дизурия, етеккір кезеңінің бұзылысы, эректильді дисфункция, астения, қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы.Жиі емес: галлюцинациялар, дереализация, ажитация, оргазм өзгерісі (әйелдерде), апатия, гипомания, бруксизм, акатизия/психомоторлы мазасыздық, естен талу, миоклонус, қимыл үйлесімінің өзгерісі, тепе-теңдіктің бұзылуы, дәм сезудің өзгеруі, тахикардия,  ортостатикалық гипотензия, ентігу, асқазан- ішек жолынан қан кетулер, ангиоедема,  фотосезімталдық реакциялары, теріастылық қан кетулер, бөртулер, алопеция, несептің ұсталуы, салмақтың артуы, салмақтың төмендеуі.Сирек: мания, конвульсиялар, несепті ұстай алмау.Маңызды!  Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты, 18 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды.