N05BA04 Оксазепам (Oxazepam)
Қолдану көрсеткіштері
Жедел жағдайларда және қысқа мерзімді:- невроз және басқа да психосоматикалық бұзылыстармен жүретін үрейлі бұзылыстар;- ұйқының функциональді бұзылыстарында.
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға асқын сезімталдық; тыныстың тежелуі; ауыр жүрек және тыныс жеткіліксіздігі; түнгі апноэ синдромы; жедел алкогольмен уыттану; алкогольге тәуелділік (анамнезінде, жедел абстиненциядан басқа); есірткіге тәуелділік, анамнезінде дәрілік тәуелділік; миастения; жабық бұрышты глаукома; тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактозаның мальабсорбциясы; суицидтер қаупімен депрессияларға байланысты, депрессия немесе қозуды емдеу кезінде монотерапия режимінде тағайындамаған жөн; гиперкапния; церебральді және спинальді атаксия, порфирия, фобиялар, жаман ойлар келетін жағдай, гиперкинездер, созылмалы психоздар, эпилепсия және эпилепсиялық ұстамалар; жаңадан туылған балаларда құрамында бензил спирті бар инъекцияларды енгізуді болдырмау.
Қауіпсіздік шаралары
Тыныс алу мүшелерінің ауруларында, бұлшықет әлсіздігі және миастенияда, бас миының органикалық өзгерістерінде, анамнезінде есірткілік және алкогольдік тәуелділік кезінде, тұлғаның патологиялық өзгерістерінде сақтықпен қолдану. Егде жастағы және әлсіреген пациенттерге қолданғанда дозасын төмендету, ұзақ уақыт қолдануды және препарат қабылдауын кенет тоқтатуды болдырмау. Психикалық және физикалық дәрілік тәуелділік даму қаупі дозаның ұлғаюымен және емдеу ұзақтығымен артады, және алкогольге немесе дәріге тәуелділігі бар пациенттерде жоғарылайды. Антеградты амнезия, қозғалыс мазасыздығы, қозу, ашушаңдық, озбырлық, ашу кернеу, түнгі қорқыныштар, елестеулер, психоздар, сомнамбулизм, ұйқысыздық сияқты парадоксальді реакциялар тудыруы мүмкін. Бұл реакциялар егде жастағы пациенттерде, немесе алкогольге тәуелділігі бар пациенттерде жиі байқалады. Депрессиясы бар пациенттерде препаратпен монотерапия депрессия симптомдарын, соның ішінде суицидтік ойларды күшейтуі мүмкін. Порфириясы бар пациенттерде бұл ауру симптомдарының күшеюіне алып келуі мүмкін. Препаратпен ұзақ уақыт емдеу жағдайында бауырдың функционаддық сынамаларын және қанның (жағындымен морфологиялық талдау) жүйелі зерттеулерін жүргізу қажет. Оксазепам жұмсақ седативті әсер алу үшін пайдаланылады, ОЖЖ тежеу процестерін күшейтеді және оны енгізгеннен кейін бірнеше сағаттан соң ұйқышылдықтың екінші кезеңі болуы мүмкін. Препаратпен емдеу кезінде автокөлік басқаруға және қозғалыстағы механикалық құрылғылармен қызмет көрсетуге болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын төмендету қажет. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде қолданбау.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын төмендету қажет. Ауыр бауыр жеткіліксіздігінде қолданбау.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: ұйқышылдық, атаксия, тремор, психикалық және қозғалыс реакциялары жылдамдығының төмендеуі, сананың шатасуы, шаршағыштық, жалпы әлсіздік, сылбырлық, бас айналуы, бас ауыруы, сөйлеудің баяулауы, бұлшықет әлсіздігі, аккомодация бұзылысы, көңіл - күйдің нашарлауы, зейін қоюдың төмендеуі, егде жастағы пациенттерде құлаулар мен сынулар қаупінің жоғарылауы, флебит, флеботромбоз, лейкопения, анафилаксия.Сирек: антероградты амнезия, сөйлеудің бұзылысы немесе түсініксіз сөйлеу, дезориентация, тынысалу жеткіліксіздігі, жүрек айнуы, шеттен тыс сілекей бөлінуі, ауыздың құрғауы, іштің қатуы, тәбетті жоғалту, түйілулер, тері гиперемиясы, терілік бөртпе және қышыну түріндегі аллергиялық реакциялар; моторлық мазасыздық, қозғыштық, тітіркенгіштік, озбырлық сияқты парадоксальді реакциялар, сандырақ, ашу ұстамалары, түнгі қорқынышты түстер көру, галлюцинациялар (кейбірі жыныстық типтегі), психоздар, тұлғаның бұзылысы және мінез - құлықтың басқа да бұзылыстары, эмоционалдық реакциялардың әлсіреуі, дизартрия, жүрек ырғағының бұзылысы, жүрек жеткіліксіздігі, брадикардия, жүрек қағысының жылдамдауы, артериялық гипотензия, трансаминазалар мен сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, сары ауру, несептің іркілуі немесе несепті ұстай алмау (спастикалық ишурия), жыныстық құштарлықтың артуы немесе төмендеуі, либидо бұзылысы мен потенция.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.