N05BA02 Хлордиазепоксид (Chlordiazepoxide)
Қолдану көрсеткіштері
Шұғыл жағдайларда және қысқа мерзімді симптоматикалық емдеуде: шығу тегі әртүрлі үрейлену бұзылыстарын; жедел абстинентті алкогольді синдромын; этиологиясы әртүрлі бұлшықет тонусының жоғарылауын.
-
Клинические протоколы:
- Обсессивно-компульсивное расстройство
- Тревожные расстройства
- Нарушения сна (педиатрия)
Қарсы көрсеткіштері
Хлордиазепоксидке, өзге бензодиазепиндерге немесе препараттың қандай да бір компонентіне жоғары сезімталдық; жедел тыныс алу жеткіліксіздігі немесе тыныс алу орталығының бәсеңдеуі; маза бермейтін жай-күйлер синдромы немесе фобиялар; созылмалы психоздар.
Қауіпсіздік шаралары
Бірнеше апта бойы тұрақты қолдану препараттың әсер ету тиімділігінің азаюы мүмкін және дәрілік тәуелділік дамиды. Емдеуді күрт тоқтату доғару синдромының пайда болуына алып келеді, сондықтан препаратты қабылдауды біртіндеп тоқтату керек. Алкогольдік, есірткілік немесе дәрілік тәуелділігі бар пациенттер препаратты дәрігердің қатаң қадағалауымен қолдануы тиіс. Пациенттердің осы тобында дағдылану және психикалық тәуелділіктің даму ықтималдығы жоғары болып табылады. Автокөлікті және басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тартқан жөн.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препараттар (анестетиктер, опиоидтық анальгетиктер, нейролептиктер, антидепрессанттар, ұйықтататын, гистаминге қарсы препараттар)- хлордиазепоксидтің тыныштандырғыш әсерінің күшеюі.Эпилепсияға қарсы препараттар- препараттың жағымсыз әсерлері мен уыттылығын үдетуі мүмкін.Бауыр ферменттерінің тежегіштері (циметидин, дисульфирам, эритромицин, кетоконазол)- олардың әсерін күшейтеді.Бауыр ферменттерінің индукторлары (рифампицин, фенитоин, карбамазепин)- олардың әсерін әлсіретеді.Алкоголь- хлордиазепоксид әсерінің күшеюі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозасын төмендету талап етіледі.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын төмендету талап етіледі.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жүрек тарапынан бұзылыстар: артериялық қан қысымының мардымсыз төмендеуі, жүректің жиырылу жиілігінің азаюы, кеуде қуысындағы ауыру.Жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар: ұйқышылдық, реакцияның баяулауы, бас ауыру және бас айналу, жалпы әлсіздік, естен тану, сананың шатасуы және бағдардан жаңылу, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, ұйқысыздық, жоғары қозғыштық және озбырлық, бұлшықеттік тремор, тырысулар.Асқазан-ішек жолының бұзылыстары: жүрек айну, диспепсиялық құбылыстар, іштің қатуы, ауыздың құрғауы, тәбеттің болмауы.Басқалар: несептің кідіруі, несепті ұстай алмау, бұлшықет әлсіздігі, терінің аллергиялық реакциялары, анафилаксиялық реакциялар, аминотрансфераза белсенділігінің жоғарылауы, қан көрсеткіштерінің өзгеруі, бауыр қызметі бұзылыстары, көрудің бұзылысы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.