N05AB06 Трифлуоперазин¹ (Trifluoperazine)
Қолдану көрсеткіштері
Шизофрения және басқа да психоздар; ауыр үрейді, психомоторлық қозуды, агрессия мен қауіпті импульсивті мінез-құлықты қысқа мерзімде басқару; паллиативті көмек кезінде құсуға қарсы зат ретінде.
-
Клинические протоколы:
- Аутизм
- Детский тип шизофрении
- Личностные расстройства (психопатии)
- Мании без психотических симптомов
- Мании с психотическими симптомами
- Органические психозы
- Острые психозы
- Психические расстройства, связанные с физиологическими нарушениями
- Расстройства поведения у детей и подростков
- Резидуальные психотические расстройства
- Сенильный психоз
- Синдром Ретта
- Шизофрения
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе қосымша заттың кез келген компонентіне, фенотиазин қатарының басқа да препараттарына жоғары сезімталдық; кома; феохромоцитома; жабық бұрышты глаукома; өткізгіштік бұзылуы және декомпенсация сатысындағы жүрек аурулары; сүйек кемігінің қан түзу қызметінің тежелуі; сүт безінің пролактинге тәуелді ісіктері; қуық асты безінің гиперплазиясы; ми және жұлынның үдемелі жүйелік аурулары; стенокардия; асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы; эпилепсия, Паркинсон ауруы; тыныс алуды орталық реттеу механизмінің бұзылысы (әсіресе балаларда), Рейе синдромы; микседема; кахексия; қанның патологиялық өзгерістері, қан түзу бұзылыстары; 60 жастан асқан пациенттер.
Қауіпсіздік шаралары
Глаукома, жүрек-қантамыр аурулары, цереброваскулярлы, тынысалу бұзылыстары, сары ауру, паркинсонизм, қант диабеті, гипотиреозы, гравис миастениясы, несеп ұсталуы, ішектік паралитикалық тарылуы бар пациенттерде сақтықпен қолдану. Кеш дискинезиялар немесе қатерлі нейролептикалық синдром белгілері пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату керек. "Тоқтату синдромы" даму мүмкіндігіне байланысты препаратты тоқтатуды біртіндеп жүргізеді. Фенотиазинді препараттарды қабылдаған кезде терморегуляция бұзылуы мүмкін. Тікелей күн сәулелерінің түсуін болдырмау. Алкоголь қабылдамау. Препаратпен емдеу кезінде жоғары зейін қою және психомоторлы реакциялардың жоғары шапшаңдығын талап ететін автокөлік жүргізуден және қауіптілігі жоғары қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
ОЖЖ тежейтін заттар (наркозға арналған заттар, опиоидты анальгетиктер, барбитураттар, анксиолитиктер, этанол, этанолдан тұратын препараттар) - трифлуоперазин әсерінің күшеюі, ОЖЖ депрессиясының күшеюі және тынысалу тежелуі.CYP1A2 индукторлары (карбамазепин, фенобарбитал, рифампицин, аминоглютетимид) - трифлуоперазин концентрациясының және әсерінің төмендеуі.CYP1A2 тежегіштері (амиодарон, ципрофлоксацин, флувоксамин, кетоконазол, норфлоксацин, офлоксацин, рофекоксиб) - трифлуоперазин концентрациясының және әсерінің жоғарылауы. Трициклдік антидепрессанттар, мапротилин, МАО тежегіштері - трифлуоперазиннің седативті және антихолинергиялық әсерінің күшеюі және ұзаруы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолдану. Бүйректің ауыр ауруларында қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың жедел және созылмалы қабыну ауруларында қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Орталық және перифериялық жүйке жүйесі тарапынан: ұйқышылдық, экстрапирамидалық бұзылыстар, бас ауыруы, терморегуляция бұзылысы; сирек сананың шатасуы, ұзақ уақыт қабылдағанда - бет бұлшықеттерінің кеш дискинезиясы, миастения; қатерлі нейролептикалық синдром.Сезім мүшелері тарапынан: көру бұзылысы, ретинопатия, көруді қабылдаудың бұзылысы, конъюнктивит; сирек көз бұршағының және қасаң қабықтың бұлдырлануы.Ас қорыту жолы тарапынан: ауыздың құрғауы, жүрек айнуы, іштің қатуы, тоқ ішек атониясы, тризм, анорексия; сирек холестатикалық сары ауру, гепатит, гепатоуыттылық.Эндокриндік жүйе тарапынан және метаболизмдік бұзылыстар: гипо- немесе гипергликемия, глюкозурия, гиперпролактинемия, гинекомастия, тәбеттің жоғарылауы, дене салмағының артуы, кеуде ауыруы, либидо бұзылысы; сирек галакторея.Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: тахикардия, емдеу басындағы айқындылығы орташа ортостатикалық гипотензия; сирек torsades de pointes түрі бойынша жүрек ырғағының бұзылысы, электрокардиограмма өзгерістері (QT интервалының ұзаруы, Т тісшесінің тегістелуі), стенокардия ұстамалары, жүрек тоқтауы.Қан және лимфа жүйесі тарапынан: агранулоцитоз, анемия (гемолитикалық, апластикалық), эозинофилия; сирек лейкопения, тромбоцитопения, агранулоцитопения, панцитопения.Несеп-жыныс жүйесі тарапынан: несептің ұсталуы, олигоурия, несеп шығарудың бұзылысы, потенция төмендеуі, эякуляция бұзылысы, приапизм; зертханалық зерттеулер нәтижесіне әсер етуі: жүктілікке жалған оң тестілер, фенилкетонурию; сирек етеккір циклінің бұзылысы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.