N05AB02 Флуфеназин (Fluphenazine)

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе кез келген қосымша затқа жоғары сезімталдық; коматозды жағдай; орталық жүйке жүйесінің тежелуі; ОЖЖ депрессанттармен жедел улануы (алкоголь,  антидепрессанттар, нейролептиктер, седативті заттар, транквилизаторлар, ұйықтатқыш және есірткі заттар); ауыр дәрежедегі церебральді атеросклероз; феохромоцитома;  ауыр дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі.

Қауіпсіздік шаралары

Артериялық қысымның төмендеу ықтималдығына байланысты жүрек-қантамырлары аурулары бар (жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, науқастардың шағымдарымен отбасылық анамнезінде QT аралығының ұзаруы және/немесе қарыншалық аритмиялардың қауіп факторларымен) науқастарда сақтықпен қолданылуы тиіс. Артериялық қысым айқын төмендеген кезде адреналин қолдануға болмайды. QT аралығының ұзаруын және ауыр аритмияның дамуын анықтау үшін үнемі ЭКГ-қадағалау қажет. Паркинсон ауруы (антипсихотикалық әсерінің күшеюі), эпилепсия (тырысу табалдырығын төмендетуі, тырысуларды өршітуі немесе эпилепсиялық талманы шақыруы мүмкін), депрессиялар, миастениялар, қуық асты безінің гипертрофиясы немесе жабық бұрышты глаукомаға бейімділік, анамнезінде сарғаю мен ауыр респираторлы ауруларда, қанның патологиялық өзгерістерінде (егер қызбамен түсініксіз инфекция дамыса қанды талдау) сақтықпен қолдану. Жоғары дозаларын қолданған кезде жарыққа сезімталдық болуы мүмкін, сондықтан  пациенттер тікелей күн сәулесінен аулақ болуы керек. Шизофрениясы бар пациенттер жүрек-қантамырлары ауруларының даму қаупін бағалауды қоса, жылына кемінде 1 рет тексерілуі тиіс. Егер науқас емдеу кезінде темекі шегуді бастаса немесе тоқтатса дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Психотикалық емес бұзылыстарды емдеуге және қысқа мерзімде қолдануға (3 айдан аз) арналмаған, психикалық даму кідірісі бар науқастарда адекватты емес мінез-құлқын емдеуде тиімсіз. Егде жастағы және әлсіреген пациенттерде жанама әсерлері аса жиі байқалатындықтан, флуфеназиннің төмен тиімді дозаларын тағайындау қажет, жоғары температура жағдайларында жұмыс істейтін немесе органофосфорлы инсектицидтермен жанасуда болатын пациенттерде, анамнезінде сүт безінің қатерлі ісігі (алайда, зерттеулер фенотиазинмен емдеуде сүт безі қатерлі ісігі мен пролактиннің жоғары секрециясының арасындағы қандай да бір байланысты дәлелдемеді) бар пациенттерде, «симптомсыз» пневмония, кеш дискинезия дамуы мүмкін, сондықтан тұрақты емді талап ететін пациенттерде төменгі тиімді дозаларын қолдану және емді жалғастыру қажеттігін үнемі бағалау қажет. Кеш дискинезия белгілері пайда болғанда емді тоқтату қажет. Препарат транспорт құралдарын басқаруға және механизмдермен жұмыс істеуге жеткілікті күшті әсер етуі мүмкін. Осы туралы науқастарды хабардар ету қажет. Жүргізу қабілеттілігі ауру және емнің салдары негізінде дәрігермен бағаланады. Пациентті демеуші емге ауыстыруда ішке қабылданатын препарат дозасын біртіндеп азайту қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

ОЖЖ тежейтін заттар - ОЖЖ тежелуінің күшеюі.  Диабетке қарсы заттар- қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, осы заттардың дозасын түзету керек. Адреналин, симпатомиметиктер - гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуі. Тырысуға қарсы заттар- олардың тырысу табалдырығының төмендеуі.  Антикоагулянттар - олардың әсерін күшейтуі, протромбинді индексті бақылау қажет.  Аритмияға қарсы заттар - аритмиялар даму қаупі, бірге қабылдауды БОЛДЫРМАУ.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде қолданбау.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі кезінде бауырлық команы тездетуі мүмкін, гепатоуытты. Бауыр жеткіліксіздігінде қолданбау.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Хлорпромазин гидрохлоридін қараңыз. Флуфеназиннің седативті және мускариндерге қарсы әсерінің айқындылығы төмен, бірақ экстрапирамидалық әсерлердің кездесу жиілігі аса жоғары.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.