N03AX16 Прегабалин (Pregabalin)
Қолдану көрсеткіштері
Шеткергі және орталықтық нейропатиялық ауыруды, жайылған үрейлі бұзылыстарды емдеу. Салдарлы жайылумен немесе онсыз жүретін парциальді құрысулары бар эпилепсия кезінде қосымша дәрі ретінде.
-
Клинические протоколы:
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Диабетическая нейропатия (дистальная симметричная полинейропатия)
- Невралгия тройничного нерва
- Рассеянный склероз
- Поражение нервных корешков и сплетений
- Синдром Гийена-Барре
- Последствия инфаркта мозга
- Синдром грудного выхода
- Хроническая ишемия мозга
- Хронический панкреатит у взрослых
- Поражение нервных корешков и сплетений
- Эпилепсия у детей
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Егде жастағы, қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Сирек тұқым қуалайтын аурулары, оның ішінде галактозаны көтере алмаушылығы, Лапп лактазды жеткіліксіздігі және глюкоза/галактоза сіңірілуінің бұзылысы бар науқастарға тағайындамау. Беттің ісінуі, ауыз айналасының ісінуі немесе жоғарғы тыныс жолдарының ісінуі сияқты ангионевроздық ісіну симптомдары пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек. Естен тану, ақыл-ой қызметінің төмендеуі және шатасуы туралы хабарламалар бар, осыған байланысты пациенттерді препараттың потенциалды әсері туралы хабардар ету керек. Бейнелерді көрудің өтпелі бұлыңғырлығы және көру өткірлігінің басқа да бұзылулары жағдайлары байқалған. Іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің даму мүмкіндігіне байланысты жүрек-қантамыр бұзылыстары бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Кенеттен тоқтатуды болдырмау. Көлік құралын және қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Этанол, лоразепам - олардың әсерінің күшеюі.Оксикодон - оксикодон әсерінің аддитивті күшеюі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
ШСЖ 30-60 мл/мин/1,73 м2 болғанда - бастапқы доза 75 мг күн сайын, ең жоғары күніне 300 мг, ШСЖ 15-30 мл/мин/1,73 м2 - бастапқы доза күніне 25-50 мг және күніне 1-2 қабылдауға ең жоғары 150 мг; ШСЖ 15 мл/мин/1,73 м2 төмен - бастапқы доза күніне бір рет 25 мг және күніне бір рет 75 мг артық емес.
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозасын түзету талап етілмейді.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген. Препаратпен емдеу кезінде тиімді контрацепция әдістерін қолдану.
Емізу
Қарсы көрсетілген. Ана сүтіне бөлінеді.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі: бас айналуы, ұйқышылдық, бас ауыруы.Жиі: назофарингит, тәбеттің артуы, эйфория, сананың шатасуы, ашушаңдық, бағдардан адасу, ұйқысыздық, либидо төмендеуі, атаксия, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, тремор, дизартрия, амнезия, жадының нашарлауы, зейіннің бұзылуы, парестезия, гипестезия, седативті әсер, тепе-теңдіктің бұзылуы, мәңгіру, анық көрмеу, диплопия, вертиго, құсу, жүрек айнуы, іш қатуы, диарея, метеоризм, іштің кебуі, ауыздың құрғауы, эректильді дисфункция, ісінулер, жүріс-тұрыстың бұзылуы, құлау, масаю сезімі, өзін нашар сезіну, жоғары қажығыштық, дене салмағының жоғарылауы, бұлшықет құрысулары, артралгия, арқаның ауыруы, аяқ-қолдардың ауыруы, омыртқа бағанының мойын бөлігі бұлшықеттерінің түйілуі.Жиі емес: нейтропения, аса жоғары сезімталдық, анорексия, гипогликемия, елестеулер, үрей ұстамалары, мазасыздық, үрейлі қозу, депрессия, озбырлық, көңіл-күйдің құбылмалылығы, өзін-өзі танымау, әдеттен тыс түстер көру, апатия, естен тану, мелшию, миоклонус, естен айырылу, аса жоғары психомоторлық белсенділік, дискинезия, постуральді бас айналуы, интенционды тремор, нистагм, когнитивтік бұзылыс, психикалық бұзылыс, сөйлеу бұзылысы, гипорефлексия, гиперестезия, күйдіріп-ашыту сезімі, агевзия, көру бұзылысы, гиперакузия, тахикардия, I дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, синустық брадикардия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, гипотензия, гипертензия, ысынулар, гиперемия, аяқ-қолдың мұздауы, ентігу, мұрыннан қан кету, жөтел, мұрынның бітелуі, ринит, қорыл, мұрын шырышты қабығының құрғауы, гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру, сілекей бөлінуінің артуы, оральді гипестезия, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, папулезді бөртпе, есекжем, гипергидроз, қышыну, буындардың домбығуы, миалгия, бұлшықет құрысулары, мойынның ауыруы, бұлшықеттердің сіресуі, несептің ұсталмауы, дизурия, жыныстық дисфункция, дисменорея, сүт бездерінің ауыруы, жайылған ісіну, беттің ісінуі, кеуденің қысылу сезімі, ауырсыну, пирексия, шөлдеу, қалтырау, астения, қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тромбоцитопения, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, гипокалиемия, дене салмағының төмендеуі.Маңызды! Мұнда жағымсыз реакциялардың қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.